«АСТАНА» – АЛҒАШ РЕТ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР

0 109

Елордалық «Астана» баскетбол клубы өз тарихында алғаш рет Азия чемпиондар кубогында қола жүлдеге қол жеткізді.

Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) аясында Қытайдың Ченчжоу қаласында өткен турнирге Азия құрлығының 10 клубы қатысты. Барлығы екі топқа бөлініп бақ сынады.
«Астана» командасы «А» тобынан 3 жеңіс, 1 жеңіліспен көш бастап шықты. Олар ширек финалда БАӘ елдерінің «Аль-Ахли» командасымен ойнап, 83:53 есебімен басым түсті.
Ал жартылай финалда жергілікті «Шыңжаң» командасына есе жіберіп қойды. Ойынның басын сәтті бастаған «Астана» шешуші сәтте жеңісті уысынан шығарып алды. Есеп – 70:79.
Сөйтіп, елордалықтар үшінші орын үшін болған кездесуде ирандық «Петрохим» командасын 81:78 есебімен жеңіп, абыройы асты. «Астана» үшінші айналымда ғана қарсыласымен тең түсіп, қалғанының бәрінде бір бәс жоғары болды.
Ақтық сайыста ливандық «Әл Риади» қытайлық «Шыңжаң» командасын 88:59 айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды.

Аманбек
Кульчиков,
«Астана» Президент
клубының
атқарушы
директоры:

 

– Бұл – біздің ең алғашқы жүлдеміз. Турнирге Азия елдерінің чемпиондары қатыс­ты. Солардың ішінен «Астана» осындай нәтижесімен елордамыздың ғана емес, еліміздің де атын шығарды. Енді команда елімізге оралған соң 5 қазан күні салтанатты таныстыру рәсімін өткізу жоспарлап отырмыз. Ал 8 қазан күні «ЦСКА» командасын қабылдаймыз. Маусымның басында осындай мықты қарсылас тап келіп тұр. Өз алаңымызда жақсы ойын көрсетуге тырысамыз.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + eleven =