«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Астана» алдыртпады

0 144

«Астана» ел біріншілігінің 16-турында өз алаңында «Ордабасы» командасын қабылдап, 5:3 есебімен басым түсті.


Өте тартысты өткен ойында есепті алдымен қонақтар ашты. 9-минутта Абдулайе Диакате пенальтиден мүлт кетпеді. Бұл басымдықты шымкенттіктер ұзақ ұстап тұра алмады. 34-минутта Роман Мұртазаев есепті теңестірсе, араға екі минут салып екінші голын салып кетті. Алға шыққан «Астана» Дмитрий Шомконың голымен күшейе түсті.
Бірақ екінші таймда «Ордабасы» мінез көрсетіп, ес жиып үлгерді. 54-минутта Факундо Бертольо ерекшеленсе, 82-минутта Никита Бочаров таразы басын теңестірді.
Дегенмен шаңырақтың иесі соңғы сөзін 90-минутта айтты. Жеңісті голдың авторы – Алексей Щеткин. Негізгі уақытқа бес минут қосылып, оны да пайдасына жарата білген «Астана» Джордже Деспотовичтің голымен айқын жеңіп кетті. Есеп – 5:3.
Турдың қалған ойындарында мынадай есептер тіркелді: «Ақтөбе» – «Шахтер» – 2:0, «Атырау» – «Қызылжар» – 0:0, «Қайсар» – «Қайрат» – 1:2, «Ертіс» – «Жетісу» – 0:2, «Ақжайық» – «Тобыл» – 1:3.

Бексаттар САТТАР

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды