АСТАНА ӘКІМІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

0 160

2

Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қолдау жөніндегі жалпыұлттық акциясы аясында Астана қаласының әкімі Елбасының атынан ҰОС ардагерлерін келе жатқан Жаңа жылмен және Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады.

Әділбек Жақсыбеков Ұлы Отан соғы­сының ардагерлері Раиса Сафоничеваға, Тезекпай Әбдірах­мановқа және Владимир Кальсинге зор денсаулық пен отбасы амандығын тілеп, сый-сияпаттар табыс етті.

– Сіздер соғыс жылдары және соғыстан кейінгі ауыр кезеңде де қажырлы еңбектеріңізбен бүкіл халықтың құрметіне бөленіп, кейінгі ұрпаққа үлгі болдыңыздар. Қазақстандықтар мұны мәңгі жадыларында сақтап, әрдайым ардагерлерге сый-құрмет, қамқорлық көрсетеді. Дендеріңіз сау болсын, бала-шағаларыңның, жақын-жуықтарыңның ортасында бақытты ғұмыр кеше беріңіздер. Күш-қуаттарыңыз сарқылмасын, – деп елорда әкімі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын ардагерлерге оқып берді.

Ардагерлер Мемлекет басшысына қамқорлығы мен ықыласы үшін алғыстарын білдірді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 − one =