©2020 Астана Ақшамы
АСТАНА ӘКІМІ МОНАКО КНЯЗЬІМЕН ӘҢГІМЕЛЕСТІ
Өткен сенбіде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанға ресми сапармен келген Монако Князі II Альбермен кездесті.
Бұл Монако князінің екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнаған сәтінен бергі алғашқы қадамы. Сапардың мақсаты – жоғары дәрежеде байланыс орнатып, келешек екі жақты қарым-қатынастарға жол ашу. Атап айтқанда, Монакомен арадағы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етудің маңызы үлкен. Қазақстан жағы Монако капиталы мен мемлекеттік үдемелі индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы аясында басым жобаларды жүзеге асыру технологиясын тартуға мүдделі болып отыр.