Астана әкімі Ә.Исекешев Үндістанның Андхра-Прадеш штатының делегациясымен кездесті

0 114

Астана әкімі Әсет Исекешев бас министр Үндістанның Андхра-Прадеш штатының Нара Чандрабабу Найду мырза бастаған делегациясымен кездесті.

93ad9bed4fe90558d0b9df59ee7

Шетелдік қонақтар Қазақстанның елорданы ауыстыру бойынша тәжірибесіне қызығушылық танытты. Олар Астанаға екінші рет келіп отыр.

Кездесуге Үндістанның ірі компанияларының өкілдері қатысты. Тараптар қала құрылысын жоспарлау, инвестициялар және туризм салаларында екіжақты ынтымақтастықтың зор әлеуеті бар екендігі атап өтілді.

Айта кетейік, Андхра-Прадеш штаты Үндістанның оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан. Аталған өңір ауыл шаруашылық, электроника және ақпараттық технологиялар, пайдалы қазбаларды өндіру, фармацевтика және биотехнология салаларында жетекші орында. Штат халқының саны 50 млн. адамға жуық.

astana.gov.kz 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 + 5 =