АСТАНА АЙШЫҚТАРЫ

0 218

Бүгін «Бәйтерек» монументі маңындағы әуенді су бұрқақ алаңында ел егемендігінің  25  жылдығы мен Астана күніне арналған «Тәуелсіздік жыры – Астана» атты фотокөрме ашылды. Елорда әкімдігінің Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясы ұйымдастырған көрмеге Игорь Бургандинов, Виктор Федюнин сынды БАҚ фототілшілерінің және әуесқой фотограф Генрих Куприяновтың 300-ге жуық жұмыстары қойылды. 

KBB_7491

Фотокөрмеде елорда дамуының айшықты кезеңдері қамтылған. Мәселен, Астана 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Бейбітшілік қаласы атанғаны, ал 2000 жылдан бері бас қала Астаналар және ірі қалалар халықаралық Ассамблеясының мүшесі болып келе жатқаны белгілі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана құрылысында батыс пен шығыс әлемдерінің арасында ортақ арна тауып, еуразиялық стиль қалыптастыру идеясын атақты жапондық сәулетші Кисе Курокова мен ағылшын сәулетшісі Норман Фостер іске асырды. Соның нәтижесінде Бейбітшілік және келісім сарайы, әлемдегі ең биік шатырлы құрылыс – «Хан шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы, «Астана Опера» театры, ҚР Ұлттық музейі, «Қазақстан» Орталық концерт залы, т.б. көрікті ғимараттар салынды. Фотокөрмеде соның бәрінен сыр шертеді.

KBB_7482

Ұйымдастырушы тараптан сөз алған Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясының басшысы Ерлан Саттыбаев аталған көрменің мән-маңызын айтып өтті. Өнертанушы Камилла Ли фотосуреттің Астана тарихында алатын үлкен орнына тоқталды. Көрмеге қойылған фотосуреттердің авторларының бірі, Астананың байырғы тұрғыны, мамандығы дәрігер болса да, фотосуретшілік өнерді жанына серік еткен Генрих Куприянов қала оның көз алдында өскенін, тек көлемі жағынан ғана емес, жергілікті халықтың мәдени-инттелектуалдық деңгейі де артқанын атап өтті.

KBB_7484

Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясының қызметкері Нелли Шивринаның айтуынша, бұл бастамасы ғана. «Келесі жылы осындай көрмені ауқымды етіп өткіземіз. Оның ұзындығы «Хан Шатырдан» басталып, Ақ Ордаға дейін созылады. Әрине, сол шарамызды «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмеге арнаймыз» дейді дирекция қызметкері.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen + 8 =