Астана. №6

0 128

Жылдың соңғы нөмірі өткенді қорытындылауға және болашақта болатын жаңалықтарға арналды. «Шаһар» блогынан келесі жылы елорданың қоғамдық көліктерінде енгізілетін электронды билет жүйе­сі туралы оқып біле аласыздар («E-tiсket түбі – этикет»).
Астанадағы тіл ахуалы туралы «Бірінші жақтан» қалалық Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ербол Тілешов сөз алады. («Тілін біле тұра сөйлемейтіндер, білмейтін қазақтардан басымырақ»)
Былтыр жазушы, тарихшы Әнес Сарай 75-ке толды. Жазушы түркі тарихындағы ақтаңдақтар мен кейбір даулы мәселелер туралы ойларын Мақсат Тәж-Мұратпен сұхбатында бөлісті. («Арқа – елдің арқауы»)
Журнал жанындағы «А-клуб» жобасы қазірдің өзінде 43 адамды біріктіреді. Желтоқсан айында «А-клуб» мүшелері Ризашылық күніне орай Балалар үйінде ұйым­дастырылған қайырымдылық акциясына, «Не? Қайда? Қашан?» инте­лектуалдық-танымдық викторинасына, «Барыс-2» хоккей командасымен бірлескен фотосессия және ойынға, Оқушылар сарайында өткен суретші Армат Бектасовтың шеберлік-класына қатысты.

Бұл нөмірде «А-клуб» жобасы­ның жаңа мүшелері Астана қаласындағы №60 мектеп-лицейдің директоры Эльмира Суханбердиева, кинорежиссер Ардақ Әмірқұлов, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Армат Бектасов таныстырылады.

«Боямасыз болмыс» блогын­да «Қыс суреттері» ортақ тақыры­бымен оқиғасы қыста өрбитін бірнеше әңгіме-хикаялар топтас­тырылып беріліп отыр. Талғат Кеңесбаевтың «Ах, Мона» әңгімесі ерлі-зайыптылар арасындағы қа­рым-қатынастың нәзік иірімдерін арқау қылса, Нұрлан Қабдайдың «Құрбандық» әңгімесінен әшейінде «малым жанымның садағасы» дей­тін халықтың оғаш қылығын аңдайсыз.

Осы орайда халқымыздың қонақ­жайлығына сыналап сын айта­тын Өркен Жоямергенұлының «Қазақ тойы. Есік ашық па?» ат­ты журналистік зерттеуін де оқи отырыңыз.

«Топ-5» айдары аясында «Аста­на» журналы «Біз жоғалтқан тұлғалар», «Жаңа есімдер», «Біз жоғалтқан тарихи-сәулет нышандары» деген аталымдар бойынша өз нұсқасын ұсынады.

«Мінкен ер» айдарымен біздің көзімізден таса бола бастаған екі мемлекетшіл тұлға – Жақсылық Досқалиев пен Жақсыбек Құлекеев туралы очерк жарияланды. («Жақсы адамға бір кісілік орын бар».

Ал осындай қайраткерлерді үлгі тұтпайтын, керісінше жастайынан сыптай боп кәстөм-шалбар киіп, «көкелердің» портфелін көтеріп жүруге бейім келетін әсіребелсенді жастар – өз замандастары туралы жас журналист Роза Әрен ой қозғайды («Балабилер»).

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six − 4 =