АСТАНА – 2015: АУДАНДАР АХУАЛЫ

0 247

777

 2016 жылдың 18 қаңтары күні Астана қаласы аудандарының әкімдері тұрғындар алдында есеп беру кездесулерін бастайды. Осыған орай Алматы, Есіл, және Сарыарқа аудандарының басшылары өткен жылдары атқарылған және үстіміздегі жылға жоспарланған жұмыстары жөніндегі есептерін жариялады.

АЛМАТЫ АУДАНЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ ЖӘНЕ 2016 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЫ

Булекпаев

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ, Алматы ауданының әкімі

   Елбасының Жарлығына сәйкес жыл сайын әр деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп беру кездесулерін өткізеді.

         Өткен жылы Алматы ауданында 1 483 тұрғын қатысқан осындай 5 кездесу өтті. Осы кездесулерде тұрғындардан аулаларды абаттандыруға, тіршілікті қамтамасыз етуге, қоғамдық көліктің қызметіне, сондай-ақ жол құрылысына және тұрғын үйлерді жөндеуге қатысты 156 сұрақ келіп түсті.

         Өткізілген кездесулер нәтижесінде Іс-шаралар жоспары өңделіп, оны жүзеге асыру барысында 124 сұрақ оң шешімін тауып, түсініктеме берілді. Бүгінгі таңда қаржыландыруды қажет ететін 32 сұрақ бақылауда тұр.

         Осылайша, мысалы, А. Петров көшесі 13 үй және М. Жұмабаев көшесі 5/1 тұрғындарының сұрауы бойынша аталған үйлердің инженерлік жүйелері және жылыту қондырғылары толығымен ауыстырылды, кіреберістер жөнделіп, төбе жабындысы қайта жөнделді, сонымен қатар, Күйші Дина көшесі 39, Манас көшесі 8 және М. Жұмабаев көшесі 5/1 үйлерінің аулалары абаттандарылды, Казгородок т.а. дейін № 17 және 18 бағдарларының қозғалысы өзгертілді.

         Сонымен қатар, Алматы ауданы әкімі аппаратына жыл бойы жеке және заңды тұлғалардан көптеген арыздар келіп түсуде.

         Жалпы 2015 жылы 1 563 арыз қарастырылды, оның ішінде 170 азамат жеке қабылдауға келді, олардың 82 сұрағы өз шешімін тапса, 70-сі бойынша түсініктеме берілді, сондай-ақ 18 арыз басқа құзыретті органдардың қарастыруына жолданды.

         Одан басқа есептік кезеңде «Алматы» ауданы әкімінің ресми сайтына 82 арыз келіп түсті, ал Астана қаласы әкімі сайтының «Халықтық бақылау» және «Виртуалдық қабылдау» айдарларына ауданның тұрғын үй- коммуналдық саласы және басқа да сұрақтар бойынша 525 сұрақ келіп түсті.

         Барлық арыздар бойынша толық және нақты жауаптар берілді.

         2014 жылмен салыстыра келгенде жалпы интернет ресурстары арқылы келіп түсетін сұрақтар 1,5 есе ұлғайғандығы байқалады.

         2015 жылды нәтижелей келгенде, ауданның негізгі көрсеткіштеріне тоқтала кетсем деп едім.

         Алматы ауданының жалпы аумағы 21 054 га құрайды.

         Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштерінің ақпаратына сәйкес 2015 жылдың 1 желтоқсанына аудан халқының саны былтырғы жылмен салыстырғанда 1 пайызға өсіп, 381 527 адамды құрады.

Аудан 2015 ж. 1 желтоқсанындағы халық саны 2014 ж. 1 желтоқсанындағы халық саны Жалпы өсу саны
«Алматы»

381 527378 6242 903

2015 жылдың қаңтар-қараша айларында ауданға 9 200 адам келіп тіркелді, өз кезегінде 19 539 адам тіркеуден шықты (көші-қон сальдосы – 10  339 адам). Көші-қон сальдосының теріс нәтижесі  ішкі қөші-қон есебінен болды.

 Аудан территориясында 96 ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс атқаруда.

Өнеркәсіптік өнімнің (тауарлар, қызметтер) көлемі 181,1 млрд. теңгені құрады, бұл жалпы елорданың өндірістік өнімінің 66,1 % құрайды.

2015 жылдың соңында салық түсімдерінің көлемі 183,7 млрд. теңгені құрады (2014 жылдың осы мерзіммен салыстырғанда 77,8 % құрады).

 2015 жылдың 12 айында аудан кәсіпорындарының негізгі капиталына 161,6 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылды, бұл елорданың жалпы инвестиция көлемінің 24,5 % құрады.

Аудан бюджеті

Алматы ауданының бюджеті 2015 жылы 13 259 699,0 мың теңгені құрады. 2016 жылға 14 310 411,0 мың теңге көлеміндегі бюджет бекітіліді.

Құрылыс

Алматы ауданы территориясында 199 құрылыс нысанының құрылысы жүргізілуде.

2015 жылдың нәтижесі бойынша төмендегідей нысандардың құрылысы аяқталып, тапсырылды:

12 көппәтерлі тұрғын үй;

– Манас көшесіндегі Онкология диспансеріне қапасарыла салынған ғимарат;

– А. Байтұрсынұлы көшесіндегі 1200 орындық мектеп;

– Айнакөл көшесіндегі 240 орындық бала бақша.

Қолдануға берілген ғимараттардың жалпы аумағы 561 663 ш.м. құрайды.

Сонымен қатар 76 көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде:

7-уі мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан тұрғын үй кешендері;

2-уі  «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында;

67-сі коммерциялық көпқабатты тұрғын үй кешендері.

2016 жылы 6 білім беру және денсаулық сақтау нысандарының құрылысын аяқтау жоспарлануда, олар:

– Астана–Қарағанды тас жолындағы 1500 орындық әлемдік деңгейдегі колледж;

– Железнодорожный т.а. маңындағы 500 орындық туберкулезге қарсы диспансер;

– әрқайсысы 525 орындық № 16, 22, 32 және 37 мектептеріне қапасарыла санылып жатқан ғимараттар.

Апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу

Үйлерді бұзу бекітілген кестеге сәйкес жүргізілетін болады. (қаржыландыруға байланысты кестеге өзгерістер енгізілуі мүмкін).

 

Үйлер саны 2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл
30 үй 10 үй 22 үй

2015 жылы бұзылуға жататын 30 үйдің бүгінгі таңда 14-і ғана бұзылды, қалған 16 үйді 2016 жылы бұзылатын болады.

Бүгінгі таңда барлығы 33 үй бұзылды.

 

Жол-көлік инфрақұрылымы

2015 жылы «Алматы» ауданында жолдарды жөндеу бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді:

Жолдарды орташа жөндеу

(7,0 ш.)Көшелердің жаңа құрылысы

(10,98 ш.)№ 15 көш. Айнакөл көш. бастап Кошкарбаев даң. дейін

Бурабай көш. Кобыланды батыр көш. бастап ТҮК дейін

Абай даң. Республика даң. бастап Уәлиханов көш. дейін

Карағанды көш. Тараз көш. бастап Әлімжанов көш. дейін

Жиенкұлов көш. Бейсекбаев көш. дейін

Жансүгіров  көш.

Мүсірепов көш.

Брусиловский көш.

Тәшенов көш. Тәшенова т.к. бастап Таха Хусейн көш. дейінА98 көш.

Шу көш.

Іле көш.

Б. Шолак көш.

М. Шоқай көш.

Кұмкент көш.

Жанкент көш.

Түлкібас көш.

Мойынты көш.

Бөрілі көш.

Қозыбасы көш.

Баянтау от ул. № 14 до ул. № 41

Сарын көш. Жумабаева даң. бастап № 44 көш. дейін

Угольная көш.

№ 44 көш. Тәуелсіздік даң. бастап Сәтпаев көш. дейін

Жәнібек Тархан Жұбанов көш. бастап Уәлиханов көш. дейін

Күйші Дина көш. Токпанов көш. бастап Тәуелсіздік даң. дейін

Абаттандыру

Сұрақтардың негізгі бөлігін абаттандыру алуда. Ауданда «Аулаларды кешенді абаттандыру» бағдарламасы аясында  асфальтты-бетонды төсеме ауыстыру, жаяу жүргіншілер жолдарын, сәнді қоршауы бар гүлзарларды, спорт және кір жаятын орындарды абаттандыру, әр жастағы балаларға арналған қауіпсіз кіші сәулет формаларын орнату жүргізілуде.

Өз кезегінде кіші сәулет формаларына сырғанақтар, қолмен жүру қондырғылары, құм алаңдары, спорттық құрылғылар (қатар орнатылған жарыспалы екі ағаш, көпсалалы турник, бакетболды қоршаулар) кіреді, сонымен қатар, кіреберістерде орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады.

Ауданда барлығы 581 ішкі орамдық аула бар. 2015 жылы 62 үйді қамтитын 27 аула абаттандырылды. Оның ішінде 21 517 ш.м. асфальтты-бетонды төсеме ауыстырылды,  36 балалар және 11 спорт алаңы абаттандырылды, 419 қоқыс жәшіктері, 389 орындық, 30 күрке орнатылып, 38 кір жаятын орын және 378 автокөлікке арналған автотұрақ орындары абаттандырылды. Сонымен қатар, абаттандыру алдында бұл жерлерден 110 темір гараж және 5 сауда павильондары шығарылды.

 Ағымдағы жылы 18 үйді қамтитын 10 ауланы абаттандыру жоспарлануда. Оның ішінде 13 707 ш.м. асфальтты-бетонды төсеме төселіп,  13 балалар және 4 спорт алаңы, 10 кір жаятын орын абаттандырылып, 10 күрке орнатылатын болады. Бұдан басқа ағымдағы ұстау бағдарламасы аясында 37 мың ш.м. асфальтты-бетонды төсемені төсеу, 70 спорт алаңдарын жөндеу, 10 дала жаттықтыру қондырғыларын абаттандыру, 36 балалар ойын алаңын және 20 кіші сәулет формаларын орнату жоспарлануда.

Аудан аумағындағы тұрғын үйлердің тозуын ескере отырып, абаттандырумен қатара тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу жүргізілуде. Осылайша, 2015 жылы 17 тұрғын үйдің қасбеті жөнделді.

Барлық жоғарыда аталған жұмыстар тұрғындар мен қызмет көрсету ұйымдарының арызы негізінде жүргізіледі.

Көгалдандыру

Ауданда 6 саябақ және 35 шағын бақ орналасқан, оның 1-уі өткен жылы салынып, қолдануға берілді.

         «Астана- Көгалдандыру құрылысы» АҚ-мен 10 155 ағаш және 1 300 қ.м. жасыл желек отырғызылып, 231 жаңа гүлді қыш құмыра орнатылды.

Көк желектерді ұстау бағдарламасы аясында ішкіорамдық аумақта 270 мекен жай бойынша 3 765 ағаштың ұшар бастары кесілді, сондай-ақ 35 қураған және апатты ағаштар түбінен кесілді.

Жарықтандыру

Ауданның түнгі жарықтандыруы, оның ішінде жол бойын, қоғамдық маңызы бар орындарды және ішкіорамдық аулаларды жарықтандыру маңызды роль атқаруда.

Аудан бойынша қызмет көрсетуде:

– көшедегі  9 008 бағандар (11 654 үлкен шам);

– саябақтардағы 4 920 бағандар (6 399 үлкен шам);

– ішкіорамдағы 147 бағандар (296 үлкен шам);

– кіреберістердегі 1 616 жарықтандыру қондырғылары бар.

Есептік кезеңде тұрғындардың сұрауы бойынша 27 тұрғын үйдің кіреберістерінде 42 жарықтандыру қондырғылары және 93 көше шамдары орнатылды (Талғар, Сәтпаев, Таскескен, Брусиловский, Сарыкөл, Шырайлы, Ер Көкше, Бұлбұл, Шыңырау, Қордай, Марков, Қаскөл, Панфилов, Аймауытов, Рахымов көшелерінде,  Б.Момышұлы, Жұмабаев  және Абай даңғылдарында), сонымен қатар, Железнодорожный тұрғын алабы тұрғындарының арызы бойынша Горький көшесінде 25 көшедегі жарықтандыру бағандар және Көкжазық көшесінде 4 бағандар орнатылды.

Ағымдағы ұстау

2015 жылдың 22 қазанынан бастап 2016 жылдың 3 қаңтарына дейін мердігер ұйымдарымен қар полигонына 358 704 т.м. қар шығарылды.

Барлығы полигонға 33 922 тонна қоқыс  шығарылды.

         Санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және абаттандыру ережелерін ұстау мақсатында көктем және күз мезгілдерінде 2 экологиялық айлық өткізілді. Экологиялық айлықтар шеңберінде 2 жалпықалалық және 6 коммуналдық сенбіліктер ұйымдастырылды, оларға жалпы 100 мыңға жуық адам және 4 395 кәсіпорындар мен ұйымдар қатысты. Сенбілік барысында 7 912 ағаш отырғызылып, 87 мың ағам әктелді, жалпы аумағы 404 740 ш.м. саябақтар мен шағын бақтар тазартылды. Нәтижесінде қалалық полигонға 10 700 тонна қоқыс шығарылды.

Тасқын сулардың алдын алу шаралары аясында 2015 жылдың 10 ақпанында аудандық штаб құрылып, кварталдарды қардан тазарту және арық жүйелерін тазарту арқылы көктемгі тасқын суларды өткізу бойынша іс-шаралар жоспары өңделді. Штабпен аса қауіпті учаскелерде, яғни Ахметбеков көшесінен бастап Қордай көшесінің бойымен Қошқарбаев көшесінде орналасқан кәріз жүйесіне қоса отырып, жер асты арқылы 550 метр құбыр өткізу бойынша жұмыстар жүргізілді, сонымен қатар 1 932 ш.м. аумаққа қиыршық тас төселді, 24 974 қ.м. құбырлар, 35 166 қ.м. арық жүйесі тазартылды, 253 545 т.м. су сорылды.

Тіршілікті қамсыздандыру шаралары

Бүгінгі таңда ауданда 1 086 көппәтерлі тұрғын үйлер орналасқан.

Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесіне 1 066 үй қосылған болса, 26 үй автономды қазандықтармен жылытылуда. Барлығы бұл тұрғын үйлерге 218 қызмет көрсету ұйымдары (ПИК, БК, ӨК, ЖК, ЖШС) қызмет көрсетеді.

Апаттық жағдайларда шұғыл әрекет ету мақсатында ауданда 3 авариялық-диспетчерлік қызмет атқаруда.

Аудан тұрғындары кондоминиум нысанының жалпыға ортақ мүлігін ұстаудағы шығындарға белсенді қатысуда.

Есептік кезеңде қызмет көрсету ұйымдары мақсатты қаражат жинау есебінен 149 млн. теңгеге төмендегідей жұмыстарды жүргізді:

– 12,9 млн. теңгеге 24 үйдің 8 650 қ.м. жылу жүйесін жөндеді;

– 17,7 млн. теңгеге 17 жылуалмастыру қондырғылары ауыстырылды;

– 19,7 млн. теңгеге 73 үйдің 15 600 қ.м. су және кәріз жүйесі жөнделді;

–  26,8 млн. теңгеге 54 үйдің электржабдықтау жүйелері жөнделді;

– 37 млн. теңгеге 64 үйдің 51,2 мың ш.м. төбе жабындысы жөнделді;

– 11,2 млн. теңгеге 117 тұрғын үйдің кіреберістері жөнделді;

– 9,5 млн. теңгеге басқа да жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Лифт шаруашылығы

Жаңа көпқабатты тұрғын үйлердің тапсырылуына байланысты лифт қондырғыларының да саны өсуде. Аудан территориясында 1 814 лифт қондырғысына қызмет көрсететін 29 лифт компаниялары жұмыс атқаруда.

Жүргізілген мониторинг нәтижесінде пайдалану мерзімінің (25 жыл) өтуіне байланысты 67 лифт қондырғысы ауыстыруды және тозығы жетуіне байланысты 27 лифт күрделі жөндеуді қажет етеді.

Бүгінгі таңда ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында 124,3 млн.теңгеге 21 лифт қондырғысы ауыстырылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда.

ТКШ жаңғырту бағдарламасы

2011-2020 жылдарға арналған ТКШ жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері аудан тұрғындары арасында аталған бағдарламаның шарттарын түсіндіру бойынша үнемі жұмыстары жүргізілуде.

2015 жылы жалпы сомасы 363,8 млн.теңгеге 11 тұрғын үй жөнделді, олар:

347,0 млн. теңгеге 9 үй  күрделі жөндеуден өтті (Габдуллин көш., 4/1, Ш.Құдайбердіұлы даңғ., 19/1, Петров көш., 13 және 19, Жирентаев көш., 13/1 және 15/1,  Сәтпаев көш., 1/1,3,7 және 9/1);

16,8 млн.теңгеге 1 үй ағымдағы жөндеуден өтті (Ғ. Мүсірепов көш., 5/2).

2016 жылы аталған Бағдарлама аясында жалпы сомасы 560,3 млн. теңгеге тағы 16 үйді жөндеу жоспарлануда.

Жалпы 2011 жылдан бері ауданда 1,5 млрд. теңгеге 42 тұрғын үй және 21 лифт қондырғылары ауыстырылды.

Кәсіпкерлік

Ауданда жеке кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес белсенді дамып, қолдалуда.

Жалпы «Алматы» ауданында 2015 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдайында 68 220 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, оның 28 624-і заңды тұлғалар және 39 596-сы жеке кәсіпкерлер, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 9 % ұлғайған. Олардың 64 437 шағын бизнес субъектісі бүгінгі таңда жұмыс атқаруда, оның ішінде  27 310 – заңды тұлғалар, 37 127 – жеке кәсіпкерлер, бұл көрсеткіш те 2014 жылмен салыстырғанда 9 % өскендігі байқалады.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлік саласын қолдаушы және қарқынды дамып келе жатқан механизмдердің бірі «Жол картасы – 2020» болып табылады. Оған қолдау алған жеке кәсіпкерлік субъектілер санының өсуі дәлел.

Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайда төмендегідей нәтижелерге жетті:

  • 12 млрд. теңгеге 67 жоба қаржыландырылды;
  • 81,8 млн. теңгеге 3 жобаның өндірістік инфрақұрылымы жүргізілуде;
  • 15 млн. теңгеге жаңадан бастап жүрген кәсіпкерлерге 5 мемлекеттік гранттар берілді.

         Сонымен қатар, ауданда заң бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2015 жылы шұғыл топпен 520 заңсыз жарнама нысаны анықталып, демонтаждалды.

         Белгіленбеген орында сауда жасағаны үшін 1 468 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 1020-сы ескертіліп, 428-не 2 625 280 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.

         Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірлесіп, 2016 жылға сауда жасау мақсатында 376 орын белгіленді, оның:

жеміс-жидек павильондары – 135;

фаст-фуд өнімдері – 57;

тамақтандыру саласы – 85;

газет дүңгіршіктері – 13;

сату пункттері – 33;

аяқ киім жөндеу – 18;

шиномонтаж пункттері – 21.

Ақпараттық-насихаттау жұмыстары

Алматы ауданы әкімі аппараты қызметінің негізгі бағыттары халық арасында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Аудан әкімі аппаратының жанында құрамына білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет саласының, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени орталықтарының өкілдері енген 6 ақпараттық-насихаттау тобы жұмыс атқаруда.

Есептік кезеңде ақпараттық-насихаттау топтары еңбек ұжымдарында Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын насихаттау мақсатында 6 500 адамды қамтыған 35 кездесу өткізді.

Әлеуметтік сала

Алматы ауданында 25 000 астам зейнеткерлер тұруда, олардың 98-і Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 2 300 тыл еңбеккерлері, 521-і репрессияға ұшырағандар, 2100-і аз қамтылған зейнеткерлер.

Аудан әкімі аппараты жанында мүгедектерге және қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсететін 2 бөлімше және мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсететін 2 бөлімше жұмыс атқаруда.

Екі бөлімнің тіркеуінде 155 мүгедектер мен жалғыз басты қарттар тұр. Балалар бөлімшесінде 160 мүмкіндігі шектеулі балалар қызмет алуда.

Сонымен қатар, ауданда мүгедектердің ғимараттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс тобы өз жұмысын жүргізуде. Осылайша, аталған жұмыс тобы есептік кезеңде 5 білім беру нысанын, 2 банкттердің, 2 кәсіпорынның және 1 денсаулық сақтау нысанының  мүгедектерге қолжетімділігін тексерді.

2015 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдайда атаулы әлеуметтік көмек көрсету комиссиясына 619 алушысы бар 129 отбасы шағымданды, оларға 9 млн. 451 мың теңге көлемінде төлемдер төленді.

 Денсаулық сақтау және білім беру

Аудан аумағында 29 денсаулық сақтау нысандары орналасқан, оның ішінде 3 қалалық емханалар.

         Ауданда білім беруді:

5 жоғарғы оқу орындары (23 744 студент);

13 колледж (13 587 студент);

33 жалпы білім беру мектептері (34984 оқушы);

10 арнайы мекемелер (4692 оқушы);

35 бала бақша (8 000-ға жуық балалар);

17 аула клубтары жүргізеді.

Есептік кезеңде 3 мектеп (№ 27, 30, 53) және 1 балабақша (№ 9 «Нұршашу» б/б) ауласын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

 Мәдениет және спорт

Ауданның тағы бір негізгі бағыттарының бірі елорда тұрғынының мәдениеті мен статусын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Аудан әкімі аппаратымен өткен жылы 32 мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ауданда тұрғындар арасында, сондай-ақ кәсіпорын, ұйымдар және мемлекеттік мекемелер арасында спорттық шаралар ұйымдастырылуда. Осылайша, жыл бойы шағын-футболдан, баскетболдан, армреслингтен, дойбы мен шахматтан, қазақша күрестен жарыстар өткізілді.

Аулаларды абаттандыру жұмыстарының қарқынды жүргізілуіне байланысты, жазғы уақытта аула балалары арасында шағын-футболдан, баскетболдан, «Көңілді старттар» спорт ойындары өткізілді.

Есептік кезеңде «Алматы» ауданы әкімі аппараты Астана қаласының Туризм, спорт және дене шынықтыру басқармасымен бірлесіп, 8 360 юқатысушы қатысқан 35 спорттық шаралар ұйымдастырылды.

 Ал тұрғындардың қыс мерзімінде бос уақытын өткізу мақсатында аудан таумағында орналасқан 9 орта мектеп жанынан, сондай-ақ Оқушылар сарайының маңынан, Ақбұлақ өзенінде, Жерұйық және Президенттік саябақтарда конькилерді жалға беру және тамақтану пункттері ұйымдастырылған мұз айдындары абаттандырылды.

Ауданда сонымен қатар аға ұрпақпен, яғни аудан зейнеткерлерімен атқарылатын жұмысқа аса көңіл бөлінуде. Ардагерлер ұйымының қызметін 104 алғашқы ардагерлер ұйымдары атқаруда, олардың 88-і – ПИК жанында, 12-сі – мекемелер мен ұйымдар жанында және 3-уі тұрғын алаптарда өз қызмет атқаруда.

Ардагерлер кеңесі алғашқы ардагерлер ұйымдарымен бірлесіп әлеуметтік көмек, аталы әлеуметтік көмек алу шарттарын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, белсенді зейнеткерлерді жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге тартуда.

Есептік жылда Ардагерлер кеңесі 22 мәдени-бұқаралық шаралар, 9 дөңгелек үстел және 11 семинар ұйымдастырды.

 Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Есептік кезеңде Алматы ауданы бойынша 20 971 қылмыс (2014 жылы – 18 338) тіркелсе, оның 1 074 (2014 ж. – 1068) ауыр және өте ауыр қылмыс болды. 2014 жылмен салыстырғанда қылмыс саны 8% өсті, алайда өз кезегінде оларды ашу пайызы да 8,1 % ұлғайды.

Қоғамдық тәртіпті нығайту және қылмыстың алдын алу мақсатында Елбасы Қазақстан Республикасының «Жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері туралы» Заңына қол қойды.

Аталған қызмет жергілікті қоғаммен тығыз бірлесе жұмыс атқарып, ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік режимін қамтамасыз ететін болады.

Жергілікті полиция басшылары халық алдында жылына бір рет есеп беретін болады.

Жергілікті полиция қызметі өз жұмысын тұрғын үйлерге қызмет көрсету ұйымдарымен, ардагерлер кеңесімен және басқа да ұйымдармен бірлесіп атқаратын болады.

ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ

KBB_7253

  Сәбила МҰСТАФИНА, Есіл ауданының әкімі

Елбасымыздың 2005 жылғы есептік кездесулер өткізудің кажеттілігі туралы шешімі көп өтпей маңызды тәжірибелік мағынаға ие болды. Мұндай есептік кездесулерде қаланың жүйелі дамуына әсер ететін көптеген өзекті мәселелер көтеріліп, тұрғындардың ой-пікірлері де ортаға салынады. Осындай маңызды кездесулер біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді реттеуге оңтайлы жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

Өткен жыл еліміз үшін қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени оқиғаларға толы болды. 2015 жылы мемлекетіміздің Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы тойланды. Осы екі үлкен мереке тәуелсіз мемлекетіміздегі тұрақтылық пен ынтымақтастықты паш етіп, ертеңгі күнге деген сенімімізді нықтай түсті. Сондай-ақ, Қазақ хандығының 550 жылдығы да ел мерейін асырған мерекеге айналды. Осындай маңызды мерекені атап өту арқылы өскелең ұрпақтың бойындағы отаншылдық сезімдерді оятып, ұлттық рухты шыңдай түскеніміз анық. Елімізді мекендеген халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтқан шаралар дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға да үндегендей.

Еліміздің тарихында талай күрделі кезеңдер болғаны белгілі. 2015 жылы біз Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өттік. Осынша жыл өтсе де бүгінгі ұрпақ халқымыздың сол кездегі айбынды ерлігін ешқашан ұмытпайды. Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу барысында дүниеден өткен ерлердің рухына тағзым жасады, ата-бабаларымыздың қанымен келген тәуелсіздіктің тұғырын биік ұстауға ант етті.

2015 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының 132-ші толыққанды мүшесі болды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл «Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы маңызды кезең болып табылатынын» атап өтті.

Өткен жылдағы тағы бір маңызды оқиғалардың бірі – Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы. Сол сайлауда дауыс беру қорытындылары бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 97,7 % дауыс жинады. Бұл – Қазақстан қоғамының Елбасымыздың қасына берік топтасқанын білдіретін ең жарқын дәлел.

Біздің барлық атқарылатын жұмыстарымыз Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясында жүргізіліп келеді. «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауында Президентіміз әлемдік дағдарыс жағдайында еліміз жүзеге асыруы тиіс бес басым бағытты атап көрсетті.

Сонымен қатар, бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам белгіленді. Олар өз кезегінде кәсіби мемлекеттік аппараттың қалыптасуын, заңның ұлықтығын қамтамасыз етіп, индустрияландыру мен экономикалық өсімді, сәйкестілік пен бірлікті нығайтып, есеп беретін мемлекеттің қалыптасуын тездетеді. Ұлт жоспары – еліміздің ғаламдық және ішкі сын-тегеуріндеріне жауабы, әлемдегі дамыған отыз мемлекеттің қатарынан орын алуға бағытталған ауқымды жоба. Бұл жоспар Қазақстанға алдағы сынақтың күрделі кезеңдерінен сеніммен өтуге мүмкіндік беретін, «2050 – Стратегиясы» жоспарын табанды жүзеге асыруға және қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға берілген кепілдік.

2015 жылы біздің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша көптеген жұмыстар жоспарланып, атқарылды. Өткен есептік кезеңде аудан тұрғындарының саны 135 140 адамға жетті (аудан құрылғанынан бері 30 %-ға өсті).

Аудан кәсіпорындарының негізгі капиталға құйған инфестиция көлемі артып, 188 млрд теңгені (астананың жалпы инвестициялар көлемінің 51,8 %) құрады.

Есептік кезеңде Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасына 98 761 салық төлеуші тіркелген. Жыл бойы жалпы мөлшері 429,9 млрд теңге салық жиналды (2014 жылмен салыстырғанда 27 % – ға өсті).

Аудан бюджеті

Әкімшілік бағдарламаларды іске асыру мақсатында аудан бюджетінде 2015 жылға 13,5 млрд теңге қарастырылып, толығымен игерілді. Ауданның өсуін ескере отырып, 2014 жылдан бастап бұл көрсеткіш 4,5% – ға артты.

Аудандағы іске асқан бағдарламалардың басымдығы 2014 жылмен салыстырғанда келесі өсу көрсеткіштерімен дәлелденеді:

– көшелерді жарықтандыру –  15 %;

– көшелерді санитарлық тазалау (жалпы алғанда) – 9,9 %;

– елдімекендерді абаттандыру және көгалдандыру – 16 %.

Ауданды тиісті санитарлық жағдайда ұстау

Қажетті санитарлық жағдаймен толық қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағы 8 учаскіге, соның ішінде 9 тұрғын алабына («Шығыс Ильинка», «Үркер», «Қараөткел», «Комсомольский», «Шұбар», «Газмашаппаратура», «Пригородный», «Заречный», «Тельман») бөлінді. Оларға 20 мердігерлік ұйым (соның ішінде 2 коммуналдық кәсіпорын «Астана Тазалық» ЖШС-і, «Астана Зеленстрой»АҚ-ы) қызмет көрсетеді. Тұрақты түрде 496 бірлік арнайы техника, 736 жұмыскер қызмет атқарады.

Көшелерді механикаландырылған түрде жинау бойынша жұмыс көлемі 2011 жылға (145 280 п/м) қарағанда 5 есеге өсті (2015 жылы 749 795 п\м).

Қазіргі кезде қалада автокөліктер санының көбеюіне байланысты ауданның аулаішілік аумақтарын, өтетін жолдарды, тұрақ кешендерін  тазалау қиынға түсуде. Астана қаласының ІІД ӘПБ-ы, ПИК-тер және басқа да субъектілермен қарым-қатынас жасай отырып атқарылған жұмыстар өзінің оң нәтижесін беріп отыр.

2015 жылы тасқын суға қарсы іс-шаралар аясында аудан аумағында қар суы жиналатын 137 орын анықталып, су тасқынын болдырмау мақсатында  1 200 текше метр қар шығарылды.

Қамыс пен арам шөптерді ору жұмыстары жүргізіліп, 1 900 шаршы метр аумақ жиналды, 8 122 тонна қурап қалған ағаштар шығарылды.

Жыл бойы заңсыз тасталған қоқыстарды жоюға баса назар аударылды. Саяжай және тұрғын үй алабтарынан 379 шаршы метр қоқыс шығарылып, шет және шалғай аумақтардан тұрмыстық және құрылыс қоқыстары жиналған 73 орын анықталып, тазаланды.

Ауданда санитарлық тазалықты қамтамасыз ету үшін біз сенбіліктердің барлық түрлерін жүргіземіз. Сенбіліктерге өткен жылы 18 мыңнан астам адам қатысып, қалалық полигонға 14 мың тонна қоқыс шығарылды.

Аумақты абақтандыру

«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы аясында 2015 жылы 8 мердігерлік ұйым мен 11 мекенжайға абаттандыру жүргізілді. Ішкі ауланы абаттандыру жұмыстары өңделген жобаларға негізделе отырып атқарылды, сапалы, сертификаттандырылған, жарақаттан сақтайтын шағын сәулет пішіндері, спорттық жаттығу тренажерлары орнатылды. Асфальттық, резиналық, кеспе тастар жамылғыларын орнату, жиек тастарды және гидрооқшаулық материалдарды жартылай ауыстыру, қоршауларды орнату, спорт және ойын алаңдарының құрылыс жұмыстары жүргізілді. «Астана Проект Сервис» ЖШС және «АЛК Құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымдары мен 10  мекенжай бойынша ішкі аулалық аумақтарды абаттандыру элементтерін жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары орындалды.  2016 жылы  11 мекенжайдың аулаларын абаттандыру жоспарлануда.

Көгалдандыру

Есіл ауданы аумағында саябақтар мен саяжайлардың жалпы ауданы 739,9 мың шаршы метрді құрайды. Есептік кезеңде көгалдандыру бағдарламасы аясында 12 299 қылқан жапырақты ағаштар, 2 059 метр бойы бұта қоршаулары жасалып, 34 214 дана, 90 805 мың шаршы метр гүлбақтар, 57 531 шаршы метр көгалды алаңдар отырғызылды және жалпы көлемі 2 млн. 505 мың  шаршы метр көгалды алаңдарға қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Жас көшеттерді ағымдағы күтіп ұстау бағдарламасы аясында Аппарат магистральді көшелерді көгалдандыру жұмыстарын жүргізгендігін атап өту қажет.

Сондай-ақ, «Астана Опера» опера және балет театры аумағында 5 905 дана ағаш отырғызылып, 34 214 дана көлемінде 2 059 метр бойы жалаң тамыр жүйесі бар, екі қатарлы бұта қоршауы жасалды, 17 531, 7 шаршы метр көгалды алаңдарды жасақтау жұмыстары жүргізілді.

«Шұбар», «Пригородный», «Заречный» тұрғын үй алаптары, Қабанбай батыр даңғылы, Қосшы тас жолы, Қорғалжын тас жолы  бойындағы 1 145 ағаш бұтақтарын қысқарту жұмыстары атқарылды.

Аудан аумағында 25 саяжай, 3 саябақ, 2 желек жол бар, бұл архитектуралық құрылыстар қазіргі заман стандарттарына сай келеді, олардың аумағы астана тұрғындары мен қонақтарына тәуліктің кез-келген уақытында бос уақытын,  серуендерін мазмұнды өткізуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылда Астана қаласының Табиғатты реттеу және табиғи ресурстар басқармасы 3 шағын бақ құрылысын жоспарлауда: олар Рысқұлов көшесі бойындағы «№2 қалалық аурухана» алдындағы саяжай, Рысқұлов көшесі бойындағы «№1  перинаталдық орталық» алдындағы саяжай, «Телман» тұрғын үй алабындағы саяжай.

2015 жылы аудан аумағында еуропалық үлгідегі 6 модульдік қоғамдық дәретхана орнатылды: «Арай» саябағы, «Ғашықтар» саябағы, «Астаналық» астаналық саябағы, «Астана Бәйтерек» монументі, «ҚР-ның Мемлекеттік туы» монументі, «Сарыарқа» көпірі ауданында салынды.

Су бұрқақты кешендер

Есіл ауданы аумағында 16 су бұрқақты кешен орналасқан. Олардың ішінде 8 су бұрқағында сәнді кешкі жарықтандыру құрылғылары бар. Олар дизайн жағынан әртүрлі және қазіргі заманғы техникалық құрылғыларымен жабдықталған. Іс жүзінде барлық су бұрқақтары бағдарламалық жасақтама көмегімен басқарылады.

Су бұрқақтары шаң-тозаңнан, балшықтардан  және қоқыстан күнде  тазаланады. Сонымен қатар, суды түрлі бактериялардан тазартып, өсімдіктерді басу үшін химиялық препараттар пайдаланылады. Суық кезеңде су бұрқақтар кешендері тоқтатылады.

Контейнерлік алаңдар мен қоқыс жәшіктері

Есіл ауданы аумағында жалпы контейнерлер саны 1 280 бірлік болатын 289 контейнерлік алаң орнатылды. 2015 жылы 51 жаңа контейнерлік алаң құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілді, 41 контейнерлік алаң жөнделді.

«2013–2015 жылдарға арналған Астана қаласының қуат үнемдеу кешенді жоспары» бағдарламасына сәйкес, 2013 жылдың тамызынан бастап тұрғындардан қуат үнемдейтін, құрамында сынабы бар шамдарды (бұдан әрі – ҚҮСШ) жинау және кәдеге жарату бойынша жоба іске асырылып келеді. Жоспарды іске асыру кезінде, аудан аумағында ҚҮСШ жинау үшін 88 арнайы контейнер орнатылды. Ағымдағы жылда тұрғындардан құрамында сынабы бар 176 мың шам жиналып, кәдеге жаратылды.

Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап «Астана-Тазарту» ЖШС-мен бірге түрлі-түсті контейнерлер (қағаз – көк, пластик – сары, әйнек – қызыл, аралас қалдықтар – жасыл түс) орнатылып, тұрғын алабында төрт түрлі  бөлек жинау бойынша пилоттық жоба іске асырылды және қалдықтарды бөлек жинау үшін 98 түрлі-түсті пластикалық контейнерлер орнатылды. Алайда, бұл жоба күткен нәтиже бермеді.

Сондай-ақ, 2015 жылы БҰҰ-ның даму бағдарламасының қаражатын тарта отырып, электрондық қалдықтарды (лақтырылған электрондық және басқа да электрондық құрылғылар, сондай-ақ олардың бөліктері) бөлек жинау бойынша пилоттық жоба ұйымдастырылды. Осы мақсатта, «Триумф Астана»  және «Номад» тұрғын үй кешендерінің аумағында арнайы экобокстар орнатылды. Тұрғындарды ынталандыру үшін ALSER компаниясымен тұрғындарға істен шыққын электрондық аспаптар мен жабдықтарды тапсырғандары үшін арнайы жеңілдіктер ұсыну туралы келіссөздер жүргізілді.

Ағымдағы жылдың басынан бастап қоқыс салатын 430 жәшікті ауыстыру, қоқыс салатын жаңа 145 жәшік орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Есіл ауданы аумағында барлығы 575 қоқыс салатын жәшіктер орналасқан (2014 жылы 312 қоқыс салатын жәшік орнатылды).

Көпірлер және қоршауларды күтіп ұстау

Күнделікті негізде көпірлерді жууды «Пада» ЖШС мердігерлік ұйымы жүзеге асырады. Есіл ауданы бойынша барлығы 8 көпір орналасқан (М – 1 көпірі, М3, Трансстроймост, Орынбор көшесі бойындағы көпір, әуежай тас жолындағы көпір, «Серуен» жаяу жүргіншілер көпірі, «ҚазМұнайГаз» көпірі, Ш Бейсекова көшесі бойындағы көпір).

Есіл ауданы аумағындағы қоршаулардың жалпы ұзындығы 59 104 метр бойына жетеді. «7 футов Астана» ЖШС мердігерлік ұйымы Қорғалжын тас жолы бойында орналасқан 8 100  метр бойы қоршауларды сырлау жұмыстарын жүргізді, Орынбор көшесі бойында 900 метр бойы қоршау сырланды. Сондай-ақ, күнделікті жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Жарықтандыру

Біздің жұмысымыздағы тағы бір басты бағыт көшелерді, саябақтар мен саяжайларды жарықтандыру болып табылады.

Қазіргі уақытта 11,5 мыңнан астам көшелік және 9,4 мың саябақ жарықтары, сондай-ақ, БАЖ шкафының 136 данасы, трансформаторлық қосалқы станцалардың 55 данасы  іске қосылған. Барлық жерде электр үнемдеуші шамдарды өзгерту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қуат үнемдеудің кешенді жоспары шеңберінде ішкі аулалық жарықтандырудан жарықдиодты шамға көшу жұмыстары жүргізілді, барлығы 357 дана шам алмастырылды.

Өткен жылдармен салыстырғанда, көше және саябақ жарықтарының саны 2 есеге артты. Егер 2009 жылы жалпы саны 9 132 дана шам болса (ұзындығы 237 ш.), ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 21 011 шамға (ұзындығы 402  ш.) жетті.

Қазіргі үлкен қалаларда сәулетті және декоративтік жарықшалар маңызды рөл атқарады. Аппарат  декоративтік жарықшалар бойынша 141 нысанға қызмет көрсетеді.

Қаланы мерекелерге безендіру

Атаулы бағдарлама аясында ауданды 4 мердігер ұйым безендіреді, жұмыстар концепцияға сәйкес жүзеге асырылады. Мысал ретінде айтсақ, Есіл ауданы әкімінің аппараты «Арай» саябағында көлемі 5 000 шаршы метр болатын  мұз айдынын жасақтады. Мұз айдының кіреберісі декоративтік аркалармен безендірілді, конькиді жалға беретін 4  контейнер, медициналық пункт, дәмхана, радиоқорап, сондай-ақ, «LED» экраны орнатылды. Мұз айдынына келушілердің қауіпсіздігі үшін ағаштан жасалған қоршаулар, жылыту аймағы орнатылды. Қосымша, мұз айдыны фондық әуен және иллюминациондық жарықшамен жабдықталған. Сонымен қатар, «Пригородный» (10 м*25 м) және «Үркер» (20 м*12 м) тұрғын үй алабтарында мұз айдынын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

«Хан Шатыр» СОО-ның аумағында Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мұз қалашығын (4 200 шаршы метр) орнатты. Мұз қалашығының  аумағы биіктігі 1,5 м. болатын мұздан жасалған қоршаумен қоршалды. Қалашық аумағында мұздан жасалған пішіндер мен ертегі кейіпкерлері, лабиринт, төбешік, елорданың ерекшеліктерін бейнелейтін суреті бар қабырға, конькиді жалға беру, медициналық пункт, дәмхана бар. Қалашықтың түп бөлігінде «LED» экраны мен жалпы көлемі  500 шаршы метр болатын мұз айдыны бар. Осы нысандардың барлығына қала тұрғындары және қонақтары белсенді түрде келіп, уақыттарын қызықты өткізеді.

Көлік және жол инфрақұрылымы

Жаңа жолдардың салынуы және қолданыстағы жолдарды жөндеу аудан инфрақұрылымының дамуына айтарлықтай әсерін тигізеді.

2015 жылы Есіл ауданының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша  жаңа жолдардың салынып, ескі жолдарды қалпына келтіру (18,24 ш.), тұрғын үй алабтарындағы инженерлік желілерді қосу және жол құрылысы жұмыстары жүргізілді.

  • 31 көшесінің құрылысы (Тұран даңғылынан Нұра-Есіл арнасына дейін);
  • Магистралдық автожолдың құрылысы (Сарайшық көшесі, Ш.Бейсекова көшесінен Тұран даңғылына дейін);
  • Сауран көшесінің құрылысы (Керей, Жәнібек хандар көшесінен № 24 көшесіне дейін және № 26 көшесінен № 28 көшесіне дейін);
  • Қорғалжын тас жолын қалпына келтіру (Тұран даңғылынан «Рубеж» бекетіне дейін, Ш.Бейсекова көшесінен «Рубеж» бекетіне дейін);
  • Керей, Жәнібек хандар көшесінің бойындағы инженерлік желілерді қалпына келтіру (Еңбекшілер көшесінен «Тельман» тұрғын үй алабына дейін);
  • «Тельман» (Местная көшесі), «Заречный» (Еңбекшілер көшесі), «Комсомольский» (6 көше) тұрғын үй алаптарындағы жолдың, инженерлік желілердің құрылысы мен қайта жөнделуі жүргізілді.

Жол инфрақұрылымының дамуы – қоғамдық көліктердің халыққа қызмет көрсетуін жақсартуға мүмкіндік береді (21 автобус бағыттары).

Қазіргі уақытта автобус бағыттарын оңтайландыру үшін түнгі үш бағытты енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр (200, 201, 202). Бағыттар түнгі мезгілде қызмет ететін нысандарға және түнгі мезгілде сапарға шығатындарға негізделіп, іске қосылғалы отыр.

Сонымен қатар, мектеп бағыттарының іске қосылуын жобалайтын «Astana School Bus» жобасы жетілдірілуде. Осы жоба бойынша оқушылардың ата-аналарына әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

 «Bus Lane» қоғамдық көліктеріне бөлек бөлінген жолақтар енгізу бойынша жасалған 2015-2016 жылдарға арналған жобасы мақұлданды. 2015 жылға жоспарланған көшелердің ішінен Сығанақ көшесіне осы жоспарға сай жұмыстар жасалуда.

Бүгінгі таңда қалалық қоғамдық көліктерде жүру ақысын төлеу электронды жүйеге көшірілуде.

2013 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасының Үкіметі автобустық жылдам тасымалдау жүйесі бойынша ЛRT  жобасының бірінші кезегін іске асыруды мақұлдады. Бастапқы сатыда ЛRT жобасы Астана қаласының халықаралық әуежайын, EXPO – 2017 нысандарын, Абу – Даби кешенін және жаңа теміржол вокзалын өзара қосатын болады. Бірінші сызбаның жалпы ұзындығы – 22,4 шақырымды құрайды.

Құрылыс

Экономикалық сұлбаны қалыптастыратын басты фактор – ол құрылыс секторы. Ауданымызда маңызды нысындардың құрылысы жүргізіліп жатыр, соның ішінде, көп бейінді «Абу – Даби Плаза» кешені, жаңа қонақ үйлер, спорттық кешендер, денсаулық сақтау мекемелері, ботаникалық саябақ бар.

Қазіргі уақытта, Есіл ауданында 545 құрылыс алаңы орналасқан.

Бүгінде жүзеге асырылып жатқан ең ірі жобалардың бірі – ЭКСПО 2017 құрылыс алаңы, 153,3 шаршы метр көлемді павильон, 37,3 шаршы метр ойын-сауық, сауда және қызметтік аймақ тұрғызылады, 25 гектарға көрме кешенінен басқа 466,8 мың шаршы метр тұрғын үй, 633,5 мың шаршы метр қоғамдық ғимарат пен құрылыстар, 13 мыңға жуық көлік орындарына арналған паркинг, 2 балабақша мен 2 мектеп салынады. Осылайша, бұл жоба астанамыздың барлық қоғамдық және  тұрғын үй ғимараттарын 1,6 млн есе шаршы метрге ұлғайтады.

Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету

Ауданның тұрғын үй қоры 221 көп қабатты үйден тұрады, оларға 74 пәтер иелері кооперативі ұйымы мен қызмет көрсету ұйымдары жұмыс жасайды. 21 үй апатты тұрғын үй қатарына жатқызылған. Аудан аумағында 36 саяжай бірлестігі бар (3 900 үй).

2008-2015 жылдар аралығында тұрғын үй қорының жоғары қарқынмен өсуі (69 %) байқалды және соның нәтижесінде қызмет көрсететін ұйымдардың саны 70 % өсті.

Ауданда орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылған тұрғын үй саны артқанын атап айтқан жөн. Қазіргі уақытта олардың саны 185-ке жетті.

2015 жылдың ішінде қаланың коммуналдық кәсіпорындарымен бірге 190 қадағалау құдықтарын жабу жұмыстар жүргізілді (ашық құдықтардың саны –  172, құдықтардың қалыпсыз қақпақтары – 18).

«ГазМашАппаратура» зауыты саяжай алабында тасқынды жағдайдың асқынуы салдарынан су басып кеткен аудандардың тұрғындарын көшіру үшін ҚазГЗУ АҚ-ы базасынан көшіру пунктін ұйымдастырды.

Жертөлелер мен тұрғын емес үй-жайларда заңсыз тұратын адамдарды көшіру жұмыстары атқарылды (284 адам).

Бұл саладағы аппараттың жедел жұмыстары қалалық әкімдік және әкімнің сайтына тұрғындардан келіп түскен өтініш-шағымдарды шешуге бағытталды. 2015 жылы барлығы 392 өтініш келіп түсті (қала әкімінің сайтына – 184, аудан әкімінің сайтына – 208). Олардың барлығына 3 күннің ішінде тиісті шаралар қолданылып, жауап берілді.

Білім беру саласы

Бүгінгі таңда ауданда 15 мемлекеттік бала-бақша, 1 шағын орталық, 3 ведомстволық бала-бақша, 14 жалпы білім беретін мектеп, 2 колледж және 3 жоғарғы оқу орны бар.

2015 жылы жалпы жобалық қуаты 680 орындық 3 бала-бақша мен 4 800 орындық 4 мектеп пайдалануға берілді.

Денсаулық сақтау саласы

Қазіргі уақытта ауданда барлығы 16 медициналық мекеме жұмыс істейді, оның ішінде 6 орталық Ұлттық медициналық холдингтің құрамына кіреді.

2015 жылы 4 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы аяқталды. Сол жағалауда 500 адам қабылдайтын амбулаторлық-емханалық кешен, «Үркер» тұрғын үй алабында 150 адам қабылдайтын алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін орталық, Қабанбай батыр даңғылы мен № 30 көшесі бойында 250 төсек орындық қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы және 1 ауысымда 150 адамды қабылдайтын емханасы бар 250 орындық медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы жұмыс істеп тұр.

 

Әлеуметтік сала

Есепті жылы 104 адам (23 отбасы) атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі 231 бала мемлекеттік жәрдемақы, 190 мүгедек бала материалдық қамтамасыздандыру ретінде көмек алды. Қатты отын сатып алуға байланысты 438 тұрғынға өтемақы төленді, тісті протездеуге байланысты 300 адамға әлеуметтік төлем берілді. Астана қаласында жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектеп түлектеріне (26 адам) әлеуметтік көмек берілді.

Семей ядролық сынақ полигонының салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу мен есепке алу комиссиясы жыл қортындысы бойынша 157 азаматқа біржолғы төлемді  қарастырып, тағайындады. Жеңілдік пен өтемақыға берілетін құқықты растайтын 113 куәлік берілді.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттің қаражаты есебінен 961 адамға мерекелік және атаулы күндерге орай 7 212, 2 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

2013 жылдан бастап Есіл ауданы әкімінің аппаратында мүгедектерге, қарттарға және мүгедек балаларға үйде арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін бөлімше жұмыс істейді. Қазіргі уақытта осы бөлімшеде мүмкіндігі шектеулі 64 балаға, 6 қарт адамға және II топтағы 1 мүгедекке қызмет көрсетіледі. Медициналық-оңалту қызметін сатып алу негізінде «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ-да ағымдағы жылы балаларға логопед, ойын терапевті, Монтессори бөлмесі, тірек-қимыл қозғалысы, емдік дене шынықтыру қызметтері көрсетілді.

Қызмет көрсетілетін адамдарға мәдени және оңалту-әлеуметтік шаралары үйде және үйден тыс көрсетіледі.

Есепті кезең ішінде 21 көп балалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталды.

Ауданның ардагерлер кеңесі есебінде 10 700 зейнеткер тіркелген. Ауданда Ұлы Отан соғысына қатысқан 14 ардагер, 230 тыл еңбеккері, 103 саяси қуғын-сүргін құрбаны тұрады. Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу аясында ардагерлер ауданның ұлттық компанияларының, бизнес орталықтары мен мейрамханалардың қамқорлықтарына бекітілді. Бекітілген ұйымдардың демеушілік қолдауымен тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында 4 соғыс ардагерінің үйіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тағы басқа қызмет түрлері көрсетілді.

Ішкі саясат

Есіл ауданында мәдениет және спорт нысандары жеткілікті. Қазіргі таңда 17 мекеме жұмыс істеуде, оның ішінде ірі спорттық кешеннің саны – 7.

Жыл бойы ұлттық және кәсіби мерекелерге орай, мәдени және спорттық шаралар өткізілді.

Қазіргі таңда Есіл ауданы аумағында 1 аулалық клуб жұмыс істейді. Клубта түрлі үйірмелер мен секциялар жұмысы ұйымдастырылған. Онда шамамен 150 бала қамтылған.

Есіл ауданының тұрғындары мен еңбек ұжымдары арасында 25 коммуникатордан тұратын ақпараттық-насихаттық топтары үлкен жұмыс жүргізеді. Еңбек ұжымдарында 7 400 адамды қамтыған 65 шара өткізілді. Сонымен қатар, «Заманауи мемлекет баршаға бірдей» Ұлт жоспарын түсіндіру бойынша Республикалық және қалалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің қатысуымен екі кездесу өткізілді.

Экстерьерлік нұсқада Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің дұрыс орналасуын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ауданда 4 діни бірлестік – «Нұр Астана», «әл – Ғани», «Әлжан ана», Евангелдік «Церковь Назарянина» сияқты мінәжәт орындары өз қызметтерін жүзеге асырады.

2015 жылы 300 адамды қамтыған тұрғындардың діни сауаттарын көтеру мақсатында 6 кездесу өткізілді.

Ауданда  46 үкіметтік емес ұйым,  3 этностық-мәдени бірлестік жұмыс істейді.

 

Кәсіпкерлік

Шағын және орта бизнесті қарқынды дамыту біздің ауданымыздың экономикасын дамытудың басты негізі мақсаты болып табылады.

Мемлекеттік кіріс басқармасының деректерін келтірсек, 2015 жылдың 31 желтоқсанында ауданда 14 594 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

2015 жылы аудан әкімі аппараты «Астана қаласында сауда қызметін реттеудің кейбір мәселелері туралы» әкімдіктің қаулысы негізінде енгізілген сауданы ұйымдастыру үшін 37 орынды белгіледі. Алайда, кейбір кәсіпкерлер жылжымалы сауда тәртібін сақтақтамаған. Жедел топтың күшімен 17 заңсыз сауда орындары таратылды.

Жаз бойы Сауран көшесі 7-үй мекенжайы алдында тұрғындар үшін төмен бағада азық-түлік тауарларын сататын ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Бүгінде Астана қаласы әкімі тарапынан көше саудасын жүргізу бойынша кешендік құрылым әзірленді.

Бұл мекенжайлар орынға бекітетін нақты нысанның орналасуын қарастырады. Содан соң қызмет түрлері,  орын саны мен нысандардың тұрған жері көрсетіледі. Сонымен бірге барлық сауда нүктелері қаланың сәулетті келбетіне, сонымен қатар, санитарлық және өрт қауіпсіздігін сақтау нормаларының барлық талаптарына сәйкес келуі қажет. Көше саудасы нысандарының қатарына дөңгелекті дәмхана, жедел кофехана, жедел автосервис, нан және көкөніс дүңгіршектері, гүл сататын дүкендер, сонымен қатар, стрит-фудтар жатады. Әр кәсіпкер жеке келісімшартқа қол қойды, соның аясында кәсіпкерге жер 5–7 жыл мерзімге жалға беріледі. Біздің ауданда бұл мақсаттарға арналған  265 орын келісілді.

Бүгінде біздің алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі – Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заң талабын сақтау мақсатында кәсіпкерлермен жұмыс, іргелес аймақтардың, кіреберіс және қасбеттің тиісті жағдайын бақылау, сонымен бірге түнгі жарықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

2015 жылы 187 кәсіпкерлік субъектісінде заңсыз орнатылған жарнамалар алынып тасталды (59 маңдайша мен 128 банер). Жедел топтың күшімен 17 заңсыз сауда нүктесі таратылды.

Азаматтық хал актілерін тіркеу

2014 жылдың 25 тамыздағы №898 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы өкілділікті шектеуге қатысты шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, азаматтық хал актілерінің міндеттері жергілікті атқарушы органдарға берілді.

Есептік кезеңде Есіл ауданы әкімі аппараты келесі жеті бағыт бойынша мемлекеттік қызмет көрсетті:

Бала тууды тіркеу – 5 042 адам;

Әкелікті анықтауды тіркеу – 358 адам;

Неке қиюды тіркеу – 1 843 адам;

Неке бұзуды тіркеу – 347 адам;

Бала асырап алуды тіркеу –  31 адам;

Т. А. Ж. ауыстыруды тіркеу – 105 адам;

Қайтыс болуды тіркеу – 456 адам.

Мүлікті жария ету

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарына және Қазақстан Республикасында тұруға ыхтияр хаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 30 шілдедегі № 213 – V ҚРЗ Заңы 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап өз күшіне енді.

2014 жылдың 2 қыркүйегі мен 31 желтоқсаны аралығында мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясына 5 650 үндеу келіп түсті, олардың ішінде:

Жылжымайтын мүлік бойынша – 4 564;

Басқа нысандар бойынша – 1086.

Осы уақыт аралығында, жылжымайтын мүлік бойынша жалпы сомасы 7,5 млрд теңгеден астам қаржыны құрайтын 851 нысан заңдастырылды.

САРЫАРҚА АУДАНЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ МЕН 2016 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЫ ТУРАЛЫ ЕСЕПТІК АҚПАРАТЫ

 Кулагин

Павел КУЛАГИН, Сарыарқа ауданының әкімі

Елбасының «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығына сәйкес, аудан әкімдері жылына бір рет халыққа есеп беру кездесулерін өткізеді.

Өткен жылы тұрғындармен 5 есептік кездесу, оның ішінде «Көктал» және «Өндіріс» тұрғын алаптарында 2 кездесу, шағын және орта бизнес өкілдерімен 1 кездесу және ауданның орталық бөлігінде тұратын тұрғындармен 2  кездесу өткізілді.

Азаматтардың есептік кездесулерге белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінде есеп беру кездесулерін өткізу кестесі мен әкімнің тезистері жарияланды. Сарыарқа  ауданы бойынша тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін жинау үшін 10 арнайы жәшіктер орнатылды.

Аталмыш кездесулерге қатысқандардың жалпы саны 1410 адам, оның ішінде сөз сөйлегендер саны  – 75.

Барлығы әлеуметтік мәселе сипатында 101 өтініш пен ұсыныс енгізілді (анықтама ретінде: 2012 ж  – 23; 2013 ж – 41; 2014 ж -80) оның ішінде:

2015

  • қоғамдық көлік сұрақтары бойынша             – 20
  • жол салу және жөндеу бойынша  – 12
  • абаттандыру бойынша   – 11
  • кәсіпкерлік бойынша    – 7
  • және өзге сұрақтар (тұрғын-үй,

денсаулық сақтау, заңдастыру,

тәртіп, ПИК жұмысына шағым және т.б.) – 51

барлығы                                                              – 101

Есептік кездесулер қорытындысы бойынша аудан тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын жүзеге асыру үшін іс-шаралар Жоспары әзірленді.

Жоспарды жүзеге асыру аудан тұрғындарының маңызды сұрақтарын шешуге мүмкіндік берді. Осылайша, Кирпичный ауылына қосымша                         № 6 автобус бағыты енгізілді, 5 кезектегі нөсерлі кәріз жұйесін салу, «Астана Су Арнасы» МКК № 12 балабақша бастауыш мектепке жаңа орталық кәрізді өткізу, Ойыл, 13, 16, Тянь-Шанский, 1,3  мекен-жайындағы апатты тұрғын-үйінің тұрғындары Сығанақ-Бейсеков және Қобыланды батыр көшелерінде орналасқан жаңа көпқабатты тұрғын-үйлерге көшіру бойынша жұмыстар атқарылды. Аталған  жұмыстар 2016 жылы жалғастырылады.

Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратына (бұдан әрі- Аппарат) 2015 жылы 12 556 кіріс хат түсті.

Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 1975 өтініш қарастырылды. Жеке қабылданған азаматтар саны – 182 құрастырды (қанағаттандырылды-19, жеке қабылдау кезінде түсіндірілді – 159, басқа органдарға қарастыру үшін жолданды-4 ). 

Ресми сайтқа есептік жылы 531 өтініш келіп түсті, оның 526 өтініш қарастырылды, 5 өтініш мәліметке алынды.

«Халықтық бақылау» және «Виртуалды қабылдау» айдарларына жеке және заңды тұлғалардан 376 өтініш келіп түсті. Астана қаласы әкімдігінің Байланыс-орталығына 23 өтініш түсті.

«Астананың сыртқы келбеті» модулі бойынша жұмыстар жүргізілді. Күнделікті орындалған ескертулер бойынша фотоесептер ұсынылды. Барлығы 554 фотоальбом келіп түсті, оның ішінде  495 орындалды.

Келіп түскен өтініштердің барлығы заңнамамен бекітілген мерзімде қарастырылды.

2015 жылды қорытындылай келе, ауданның негізгі әлеуметтік –экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып өткім келеді.

Сарыарқа  ауданының жалпы көлемі 19 202 гектарды құрайды.

Әлеуметтік-демографиялық динамика  2015 жылғы 1 желтоқсандағы көрсеткіші бойынша, аудан тұрғындарының саны 352953 адамға жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2 % (7664 адам) артық.

Тұрғын халықты ағымдағы есепке алудеректері бойынша 2015 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында ауданға 9 029 адам келіп, 8 370 адам кетті (көші-қон айырмасы +659 адам). Тұрғындар саны негізінен көші-қон есебінен көбейіп отыр.

Өнеркәсіп өнімді өндіру көлемі (тауарлар мен көрсетілетін қызметтер)– 77,5 млрд. Теңге және бұл жалпы астанада өндірілген өнім көлемінің 22,5 %  құрайды.

2016 жылдың басында түскен салықтың көлемі 48,2 млрд. теңге, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 % артық (45,5 млрд.теңге).

Аудан бюджеті

Сарыарқа ауданының бюджеті 2015 жылы                         9,3 млрд.теңгені құрады. 2016 жылы аудан бюджеті 10,2 млрд.теңге көлемінде бекітілді.

 Құрылыс

Сарыарқа  ауданы аумағында 430 құрылыс объектісі орналасқан.

Пайдалануға енгізілген тұрғын ғимараттардың жалпы көлемі – 150 846,1 ш.м. құрайды.

Ауданды 2015 жылдың қорытындысы бойынша  14 көппәтерлі тұрғын-үй  құрылысы аяқталды.

42 құрылыс  нысаны бойынша жұмыстар жалғасуда, демек:

  • 35 көппәтерлі тұрғын-үй кешені, оның ішінде:
  • мемлекеттік бағдарлама бойынша 2 тұрғын-үй кешені;
  • «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы бойынша 1 тұрғын-үй кешені;
  • коммерциялық көпқабатты 32 тұрғын-үй кешені.

 

  • 7 білім беру объектісі, оның ішінде:
  • Бөгенбай батыр даңғылында 800 орындық кәсіби мектеп (құрылыстық профилде);
  • Сейфуллин көшесінің оңтүстігіне қарай 1100 орынға арналған мектеп;
  • «Рябинка» № 4 бала-бақшасына қосымша құрылыс;
  • Қарасай батыр көшесі, 1 бойында жалпы білім беретін кәсіби оқу орталығы ғимаратына қосымша құрылыс;
  • Конституция, 24 көшесінде қолданыстағы № 26 мектепті көшіріп жаңа жалпы білім беру мектебі;
  • Көктал-1 тұрғын алабында 375 орынға түзету мектеп-интернаты;
  • Көктал-2 тұрғын алабында 240 орынға бала-бақша.

 Апатты жағдайдағы ескі тұрғын үйлерді бұзу

Апаттық тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобаға сәйкес «Аймақтарды дамыту – 2020» Бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Астана қаласында 2013-2017 жылдар аралығында жалпы көлемі 90 849 шаршы метр (2 073 пәтер) 128 апатты-ескі тұрғын үйді бұзу жоспарланған.

Үйлерді бұзу бекітілген кесте бойынша жүргізіледі:

  2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл
Үйлер саны 53

(34 311,9 шаршы метр, 745 пәтер)36

(38 246,7 шаршы метр, 986 пәтер)16

(9 783,1 шаршы метр, 158 пәтер)

* (алайда кесте қаржыландыру жағдайына байланысты ауысып отырады)

2013-2014 жылдары жоспарланған жалпы көлемі 8956,5 шаршы метр (184 пәтер) 23 апатты тұрғын үйлердің 22 үйі бұзылды. Тұрғындар Сарайшық және Бейсеков-Сығанақ көшелерінде орналасқан тұрғын-үйлерге көшірілді. Біржан Сал, 5 апатты үйінің пәтер иелерінің көшуден бас тартуына байланысты сот ісі жүргізіліп жатыр.

2015 жылы жоспарланған жалпы көлемі 34 311,9 ш.м. (745 пәтер) 53 апатты тұрғын-үйді бұзу екі кезеңге бөлінген, бірінші кезең бойынша (Қарталы, 1, Сарыбұлақ, 21, Қарасай батыр, 26, Шынтас, 9 көшелері, Бөгенбай батыр, 3 даңғылы (65 пәтер) мекен-жайлары бойынша 5 үй бұзылды, олардың тұрғындары Қобыланды батыр – Бурабай қиылысында орналасқан тұрғын-үйге көшірілді. Екінші кезеңде 2016 жылдың бірінші тоқсанына Қобыланды батыр – Бурабай және Сығанақ – Бейсеков көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын-үйлерге көшіру жоспарланған. Барлық тұрғындарға аталған кешендердегі жаңа пәтерлерді көрсету ұйымдастырылған.

Пилоттық жобаның басынан бастап барлығы 27 апатты-ескі тұрғын үй (234 пәтер) бұзылды.

Сарыарқа ауданы бойынша 132 ескі тұрғын-үйлер бар, олар пилоттық жобаға сәйкес «Аймақтарды дамыту – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Астана қаласында 2013-2017 жылдар аралығында бұзылатын 228 апатты-ескі тұрғын үйлер қатарына кірген жоқ. Тұрғын-үйлердің тізімі Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясы басқармасына техникалық тексеріс жүргізу үшін жолданды.

Жер телімдерін өз еркімен басып алу

Сарыарқа ауданы прокурорының басшылығымен уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен жеделі жұмыс тобы ұйымдастырылды. Алдағы уақытта жер телімдерін өз еркімен басып алудың алдын алу мақсатында жер телімдерін жалпы көлемі 58,33 га 10 кәсіпорынға беріп,  өндірістік аймаққа бұрмалау жүргізілді.

Өз еркімен басып алу жер телімдерінің жалпы көлемі – 31 га.

337 жер телімінен ЖТҚ-на – 300

Орнатылған іргетастар – 37, оның ішінде жойылғандары –100%

Соттын ауызша шешімі бар -147

АЖИ тексеруге жіберілді -276

Сонымен қатар, жаңадан анықталған жер телімдерін өз бетінше басып алу нысандарын жою бойынша іс-шаралар жүргізілді:

Өндіріс тұрғын алабы – 13 іргетас;

Көктал тұрғын алабы – 24 іргетас.

Барлығы 37 іргетас жойылды.

Заңсыз орнатылған дүңгершіктер (киосктер):

Жалпы саны – 172

Жойылды – 95

Заңдылығын тексеру үшін сәйкес органдарға хат жолданды – 77

Рұқсат етілмеген дөнгелек жөндеу нысандары:

Жалпы саны – 44

Жойылды – 13

Мақсатты пайдаланылуын тексеру үшін сәйкес органдарға хат жолданды – 7

Рұқсат етілмеген металл гараждары:

Жалпы саны – 652

Жойылды – 15.

Рұқсат құжатынсыз аудан тұрғын-үйлеріне қосымша құрылыс салу:

Нысандардың жалпы саны – 61

Жойылды -29

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды – 39

Сот шешімі – 31.

Жол-көлік инфрақұрылымы

2015 жылы ауданда жол жөндеу бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:

  • 11 көшені орташа жөндеу (14,29 км.);
  • 2 көшені қайта жаңарту (1,44 км.);
  • 5 көше құрылысы жүргізілді (1,93 км.).

Аудан аумағында 2016 жылға 2 көшеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу (1,28 км.), 1 көшені қайта жаңарту (0,70 км.), 2 жаңа көше құрылысы (0,80 км.) жоспарлануды.

 Абаттандыру

Ауданда 707 аула аумағы бар. «Аулаларды кешенді абаттандыру» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 14 аула аумағында жұмыстар жүргізілді (Желтоқсан к-сі,7, Рысқұлов к-сі, 24, Жеңіс д-лы, 19, Жеңіс д-лы, 21, Жеңіс д-лы, 24, Жеңіс д-лы, 24/1, Жеңіс д-лы 26а, Бөгенбай батыр д-лы, 28, Бөгенбай батыр д-лы, 30, Бөгенбай батыр д-лы, 48, Бөгенбай батыр д-лы, 50, Бейбітшілік к-сі, 26, Бейбітшілік к-сі, 28,  Гете к-сі, 3, Желтоксан к-сі, 23). Оның ішінде 3 гимнастикалық алаң, 2 спорт алаңы, барлығы 214 кішігірім  сәулет үлгілері орнатылған.

2016 жылы 19 аула аумағын кешенді абаттандыру жоспарлануда (Желтоксан к-сі 28, Ирченко к-сі 31, Женис 3 (Ирченко к-сі 12), Женис 5, Женис 5/1, Сары-Арка 31/2 , Желтоксан, 1, Кумисбекова,8, Сейфуллина, 4/1, Аспара, 2б, Затаевича, 11, Дукен улы 37/1, Павлова, 29, Дукенулы,  37/2, Дукенулы, 37/3, Тлендиев, 15,  Тлендиев, 15/1, пр. Тлендиев 15/2, Жангельдин, 7).

Кішігірім сәулет үлгілері, спорттық және тренажер алаңдарың сақтау мақсатында тексеріс жүргізіліп  ПИК, БИК, ӨК, ЖШС-ге  ағымдағы күтіп ұстауға тапсырылған. 2015 жылы ПИК, БИК, ӨК, ЖШС салдарынан 128 аула аумақтарында кішігірім  сәулет үлгілері жөндеу және сырлау жұмыстары жүргізілген.

«Аралық аула аумақтары және өту жолдарын күтіп ұстау, балалар алаңдарын жаңарту» бағдарламасы бойынша 3 саябақта және Есіл өзені жағасында 99 бірлік кішігірім сәулет үлгілері, 37 бірлік– көше тренажерлары, 68 бірлік – орындықтар мен қоқыс жәшіктері, 68 м2 кеспе жабыңы орнатылды, 2758 м2 асфальт жабыны және 771 м. жиектас пен көмкерме салынған болатын.

Тұрғын үйлерді жөндеу

2015 жылы 47 тұрғын үйге жөндеу жүргізілді. 2016 жылы 55 тұрғын үйге  жөндеу жұмыстар жүргізіледі.

 Көгалдандыру

Аудан аумағында 30 саябақ орналасқан, өткен жылы 1 саябақ (Көктал-2) салынған болатын, бір саябақта («2 солдат» саябағы) қайта жаңарту жұмыстары жүргізілген.

1934 бірлік – тал отырғызылды, 24 бірлік – тал қайта отырғызылған, 1750 м. (12250 б.) шілік бұталар егілген (Н. Тілендиев даңғылы), 1175 бірлік ашық тамырлы екпелер жүзеге асырылып, 18 374 м2 біржазды гүл екпелері салынған, 3 164 м2 газон орнатылды.

«Аула аралық көгалдандыру және күтіп ұстау» бағдарламасы бойынша 1378 қурап қалған талдар кесілді, 8423 тал бұтақтары қиылды және 292 мекенжай бойынша 3330  талға жасарту жүргізілді. 371 га қамыс шабылды.

Фонтандарды күтіп ұстау

Аудан аумағында 10 бірлік фонтан қондырғылары орнатылған. Соңғы      3 жылда 3 фонтан қондырғысы пайдалануға  тапсырылды (Мәскеу көшесі, Абай даңғылы, Сарыарқа даңғылы, 13). Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан 1960 жылдары салынған                      3 фонтан қондырғыны (Омаров к-сі, Республика даң, Жеңіс даң)  қайта құру жұмыстары жоспарлануда.

Жарықтандыру

Көшені жарықтандырудың 4846 тірегі (6323 шамшырақ), бақ жарықтандыру – 1477 (1642 шамшырақ), 49 – аулаішілік жарықтандыру (108 шамшырақ) орнатылды.

2015 жылы көше тіреулерінде 1574 шамдар ауыстырылған, 236 бірлік шамшырақ, 55 бірлік тірек, 4836 м ауа кабель ауыстырылды.

3 саябақта жарықтандырудың жарым-жарты қайта құру жұмыстары жүргізілді («Субұрқақ каскады», «Скрябин», Мәскеу көшесіндегі саябағы, Есіл жағалауында). 2651 шам ауыстырылды, 204 шамшырақ, 8400 м кабель және сымдары ауыстырылды.

Аулаішілік жарықтандыру бойынша 30 аулада 36 шамшырақ орнатылды, оның ішінде 6 спорттық алаңдарда, 36 дана шамшырақ ауыстыру, 336 дана шам ауыстыру, 205 м кабель ауыстыру.

2015 жылы 1240 ақпарат аншлаг орнатылды. «Қоршауларды жөндеу және күтіп ұстау» бағдарламасы бойынша 15,8 мың. м2 бояу жұмыстары жүргізілді, 375 м2 жөндеу және 58,2 мың. м2 қоршауларды жуылу жұмыстары жүргізілді, қоршаулардың ұзындығы 7541 м.

«Сатып алу және көшпелі урналардың орнату» бағдарлама бойынша 610 жаңа аластикалық урналардың ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

«Қайта құру-жөндеу» бағдарлама бойынша 1400 м2 граниттік плиталар ауыстырылды, 615 м2 керамограниттік плиталар, 150 м2 плиталар, 4535 м2 граниттік плиталар, 150 п/м тастар, 8000 м2 тіректердің және 300 бірлік урналардың жөндеу және бояу.

Ағымдағы күтіп ұстау

«Сарыарқа» ауданында ағымдағы күтіп ұстауды 24 мердігерлік ұйымдар қамтамасыз етеді,қолданыста 265 бірлік техника және 608 адам жол жұмысшылар.

Механикалық тазалауды 3 мердігерлк ұйым жүргізеді («Астана Тазалық» ЖШС, «СБС Снаб Сервис» ЖШС, «Блоксервис  Азия ПК» ЖШС).

Техниканың барлық саны 132 бірлік.

Қолмен тазалауды 8 мердігерлік ұйым жүргізеді.

Техника барлық саны – 67 бірлік, жол жұмысшылар – 293 адам.

 Алаңішілік тазалауды 12 мердігерлік ұйым жүргізеді. Барлық техниканың саны – 59 бірлік., жол жұмысшылары -285 адам.

29 саябақтардың тазалау жұмыстарын «Астана Көгалдандыру құрылысы» АҚ мердігерлік ұйым жүргізеді. Техниканың барлық саны – 7 бірлік,. жұмысшылар – 30 адам.

Мердігерлік ұйымдарымен қар полигондарына ағымдағы қысқы мерзімінде  22 қазан 2015 жылдан бастап 2016 жылы 5 қантар айына дейін 263 983 шаршы.м. қар шығарылды.

Барлығы өткен жылы 1 млн.шаршы.м қар және 33478,7 тонна қоқыс шығарылды.

Санитария қамсыздандыру және күзгі, көктемдегі мерзімде абаттандыру ережелерді ұстану үшін аудан аумағында әрдайым жалпы қалалық және коммуналдық сенбіліктер өткізіледі, сенбіліктерде 31,2 мың адам қатысты.

Сенбілік шегінде 793 дана кесегімен ағаш отырғызылды, 1608 бұта, 171360 м2 – жалпы аумағымен саябақ тазалау. Қалалық  көму полигонына 4703,78 тонна шығарылды (725 сапар).

Күзгі-көктемгі экологиялық айлық өткізуіне 622 бірлік техника, 409 бірлік жүктасымалы көлік және 213 бірлік тиегіш еңгізілді, қалалық полигонға 5000 тонна қоқыс және 530 тонна рұқсат етілмеген қоқыс шығарылды.

2260 дана ағаш отырғызылды, 550 бұта, 26900 дана ағаш ағартылды, бақтардық тазалау жұмыстары жүргізілді, ауданда 171360 м2 саябақтар.

 Су тасқынына қарсы шаралар

Ауданда бірнеше су деңгейінің көтерілу зоналар бар (Көктал-2 т.а, Моншақты көшесі, Ақтөбе, Ақмола, Өндіріс т.а., Мұнайшылар көшесі, Кұрманғазы, Игілік, Майтөбе, Тайбұрыл, Кұсжолы, Аксенгір, Ақбидай, Ақсу-Жабағылы және т.б., Жалын, Карталы, Бөкеева, Медеу, Оғыланды, Муса Джалиля, Дулатов, Гагарин және т.б.)

Сутасқынына қарсы іс шаралар өткізу мерзімінде қардан және көктемгі сутасқындардың арық тазалау желісін тоқсандық тазалау жобыса жасалды, тәулік бойы тәртібінде диспечерлік сутасқын комиссиясы жұмыс істеді.

2015 жылы жеке үйлерден қар шығару бойынша 54 бірлік техника еңгізілді.

Жалпы 2014 жылы 27 қазан айынан 2015 жылы 25 наурыз айына дейін сутасқынына қарсы іс- шаралар шегінде қар полигонына 273379 м2 қар шығарылды, 305855 м3 су тартылды.

 

Қараусыз иттерді аулау жұмыстарын бақылау

«Астана Ветсервис» ЖШС 2015 жылы  «Сарыарқа» ауданы аумағында 3,5 мың бас қараусыз жануарлар ұсталды.

Иесіз көліктер

Әкімшілік полиция басқармасы инспекторларымен бірігіп 2015 жылы  227 иесіз көлік шығарылды.

Рұксатсыз шлагбаум және бетондық блоктардың демонтаж жұмыстары

Ағымдағы жылда 24 шлагбаум және бетондық жабу алынды.

 Тіршілікпен қамтамасыз ету

Аудан аумағында 1051 (көп пәтерлі –986, тозған –65 ) көпқабатты тұрғын үй, (жалпы көлемі – 4 092 723,9 шаршы метр, пәтерлер саны – 66 481) және 871 жеделсатылық құрылғылар жұмыс істейді.

Ауданда тұрғын үйлерге 138 қызмет көрсетуші ұйым (ПИК, ПК, ЖК, ЖШС және т.б.) қызмет көрсетеді. 1051 үйдің 305 тұрғын үйіне кондоминиум тіркелуін талап етеді. 215 конодоминиумы бар, 234 апатты-ескі үйлер. Орталық жылу торабына 916 үй, 18 үй автономды (сұйық және қатты отынмен) жылытылады  және 117 үй пешпен жылытылады.

Жылумен қамтамасыз ету

Айданда 209,7 км жылумен қамтамасыз  ету желісі, 2 насосты бақылау станциясы саналады.

Орталық жылу торабына 916 тұрғын үй қосылған. Оның 144 тұрғын үйлері АЖРЖ (автоматты жылуды реттеу жүйесі). 752 үйде ЖЕҚ (жылу есептеу құрылғысы) бар болып табылады.

Аудандық «Астанаэнергия» АҚ қазандығына «Көктал» тұрғын алабынан 10 тұрғын үй, № 19 орта мектебі мен балалар үйі қосылған.

«Жылу» МКК 10 өазандығына  5 тұрғын үй, 6 мектеп (№ 19,20,40,41,61,68)3 бала-бақша (№ 39,55,61),1 колледж қосылған. Герцен көшесі бойынша № 13 «Тұлпар» бала – бақшасы өз күшімен қызмет көрсетіледі.

Сонымен қатар ауданда 70 қызмет көрсетуші ұйымынсыз тұрғын үйлер бар. Олардың барлығы жылдың басынан жылыту маусымының басынан бастап, дайындалу үйшін қызмет көрсетуші ұйымдарға бекітіліп қойылған болатын.

Тұрғын үйлерге жылудың жіберілуінен бері, күн сайын 051 диспетчерлік қызметінен келіп түсетін тұрғындардың өтініштері мен арыздарымен жұмыс атқарылады. Барлығы 210 арыз түсіп оның 205 бүгінгі күні жұмыс атқарылды (үйде жылудың жоқтығы 20, пәтерде 66, тірек бойынша 74, төменгі көрсеткішті 50).

Мәселелі тұрғын үйлер

2015 – 2016 жылдарға жылыту маусымына дайындық барысында                   21 мәселелі тұрғын үйлер анықталды (Бөкейхан көш., 2, 4, 6, 8, 8/1, 8/2, 8/3, Ирченко көш., 29,31, Кубрин көш., 20/1,Сейфуллин көш., 3, 4, 4/1,Бөгенбай батыр даңғ., 28, 30, Сарыарқа даңғ., 11, Жеңіс даңғ., 26а, 67, Абай даңғ.,  8, Есенберлин көш., 7/1, Карталы көш., 18/1). Аталған объектілер қызмет көрсетуші ұйымдарымен бірге қатаң бақылауға алынып, «Астана теплотранзит» АҚ-ның қызметкерлерімен бекітілген кестемен апта сайын анықталған ескертулерді шешу бойынша іс-шаралар өткізілді.

Ағымдағы жылы Бөкейхан көш., 6,8,8/1,8/2,8/3 тұрғын үйлеріне Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту іске асыру шеңберінде жылу торабын қалпына келтіру жоспарлануда.

«Көктал» тұрғын алабындағы үш тұрғын үй кешендері «Ақ Отау» ТК қызмет көрсетуші ұйымы «Сәттілік» ЖШС, «Жеті Жол» ТК – «Жетижол» ТҚК,  «Ұлытау» ТК – «Тұрмыс» ЖШС өздерінің сұйық отындағы автономды қазандығына қосылған. Аталған тұрғын кешендерде дизелдьді  отынға ақша жинау бойынша бойынша проблемалар орын алады. Тұрғындардың дизель отынына қарызы «Ұлытау» ТК – 3,9 млн. тг., «Жеті Жол» ТК – 20,5 млн. тг., «Ақ Отау» ТК – 0,8 млн. тг. құрайды. Аталған тұрғын кешендер Аппараттың ұдайы бақылауында.

Апатты – диспетчерлік қызметтер

Аудан аумағында 4 апатты – диспетчерлік қызметтер жұмыс  (АДҚ) жасайды. Ауданның қызмет көрсетуші ұйымымен (499 үйлері) 52 келісім-шарт жасалынды.

– «Астана қаласының апатты қызметтер қауымдастығы» ЖШС – мен 22 қызмет көрсетуші ұйымымен (192 үйлер, сондай-ақ мектепке дейінгі балалар мекемелеріне қызмет көрсетеді) келісім- шарт жасалынды;

– «Феникс Групп Строй» ЖШС – 11 келісім- шарт (100 үйлерге);

– «Ларгус апатты қызметі»ЖШС – 18 келісім- шарт (205 үйлерге);

– «Нестеренко» ЖК 1 келісім- шарт (2 үйлер, сондай-ақ мектепке дейінгі балалар мекемелеріне қызмет көрсетеді).

Қалған 89 қызмет көрсетуші ұйым, соның ішінде «Тұрмыс» ЖШС (44 үйлер) жеке апатты қызметімен қамтылған.

Барлық апатты диспетчерлік қызметтер апатты жағдайдың жедел алдын-алу үшін қажетті штат қызметкерлерімен және техникалық жабдықтармен қамтылған.

Ауданның тұрғындарын ақпараттандырудың ыңғайлы болуына, апатты қызметтер жайлы ақпараттар Аппараттың ресми сайтында орналасқан (http://www.saryarka.astana.kz/).

 Сумен қамтамасыз ету және су тарту

Ауданда 328 км су өткізгіш желілері, 3 сорғыш стансасы (ІСЖ 7, «Көктал», «Автоматика»), 37 тұрғын биік үйлерде су құбырын бақылау станциялары  бар. Сондай-ақ, 216 км кәріз жүйесі, 44 ҚСЖ саналады. ы

2015 жылы ауыз су сапасын жақсарту мақсатында «Астана су арнасы» МҚК күшімен 50 көп қабатты тұрғын үйдің 51 су өткізгіш желілері ауыстырылып, 51 км.-і хлорланып, «Көктал», «Көктал-2», «Өндіріс», Автоматика елді мекендерінде 167 су тарату құдығы ауыстырылды. 12-сі қалпына келтірілді. «Өрт сөндіру қызметі және апатты-құтқару жұмысы» ММ-сімен бірге өрт гидранттарының техникалық жағдайына жоспарлы тексеру жүргізді. 2015-ші жылы «Хавле» фирмасының сапалы 4 өрт гидранты жөнделіп, 43-і ауыстырылды.

Кәріз қызметі 2015 жылы мынадай жұмыстарды атқарды:

–  ішкі орамдық желіні гидродинамикалық жуу – 30 км.

–  магистарльды желіні гидродинамикалық жуу – 4,7 км.

–  құдық тазалау – 2217 дана.

–  құдық жөндеу – 23 дана.

– 1,38 км кәріз жүйесі ауыстырылды.

 

Электрмен қамтамасыз ету

Бүгінгі таңда аудан аумағында ұзындығы 170,8 км, кернеуі 0,4 кВ құрайтын сымдар және ұзындығы 177,5 км кернеуі 10 кВ құрайтын сымдар, 340 тарату пунктары (ЖП) және трансформаторлық қосалқы станциясы (ТҚС) бар.

2015 жылы «Астана АЭК» АҚ-ның  қатысуымен 50 сүйемелі шкафтарын ауыстыру жұмыстары  жүргізілді.

Газбен қамтамасыз ету

Аудан бойынша 520 көпқабатты тұрғын үй, 680 ыдыс, 63 км. жерасты газ құбырлары, 2020 енгізулер, 432 редукциондық бастар және конденсат жиынтығына қызмет көрсететін 160 газ тарату қондырғысы (ГТҚ) бар.

«Астана Газ Қызмет» ЖШС күштерімен бекітілген кестеге сәйкес  техникалық куәландыру іс-шаралары жүргізілген 60 ГТҚ ыдыстары,  4 енгізулер, 325 м ескірген газ құбырлары ауыстырылды.

Аудан аумағында тұрмыстық қоқыстан  тазарту жүргізіліп, 48 ГТҚ қоршаулары жөндетілген.

2015 жылы  «Орталық газбен қамтамасыз ету» ЖШС мен «Астана Газ қызмет» ЖШС  күштерімен №340  және №341 189,167 көшелері бойынша қосылу жұмыстары жүргізілді ГТҚ . (189 көш. 12/1 үй-27 п., 12/3 үй-27) оның ішінде 81 пәтер., ГЖҚ №341 (167 көш. 1-52 п., 189 көш. 6 үй-54 п., 6/1-27 п., 6/2-27 п.,6/3-27 п.)

 Лифт шаруашылығы

Жаңа көп қабатты тұрғын үй кешендерін енгізілуіне байланысты лифт қондырғылары саны өсіп жатыр. Бүгінгі күні аудан аумағында 33 лифттік ұйым бар, олар 1037 лифт қондырғысына қызмет  көрсетеді (871 – тұрғын үй қоры, 166 – әкімшілік ғимараттар).

2015 жылдың бас кезінде пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты (25 жыл) 11 лифт қондырғысын ауыстырып, ескіруіне байланысты 36 лифт қондырғысына күрделі жөндеу жүргізу қажет болған.

Тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында 2015 жылы  2 тұрғын үйдегі 3 лифтті ауыстыру жұмыстары жүргізілді (Жеңіс даңғылы 45, (1 лифт) Абай 5 көшесі (2 лифт).  Жалпы бағдарлама орындау барысында 15 лифт ауыстырылды.

Дезинсекция және дератизация

Аудандағы көп қабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсететін 138 ұйымның 121-і дератизация шаралары жұмыстарын өткізу жөнінде келісі-шарт бекітті (659 үй), 91% қамтылды. 119  қызмет көрсету ұйымдарында өңдеу өткізілді (637 үй), 89 % қамтылды.

Дезинсекциялық шаралар өткізу жөнінде 61 қызмет көрсету ұйымымен шарт жасалды (419 үй), 45,8 % қамтылды. Өңдеу жұмыстары 56 қызмет ететін ұйымдармен жүргізілді (310 үй) 42,1% қамтылды.

Коммуналдық тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы

ТҮКШ жаңғырту Бағдарламасының жүзеге асырылуынан бастап,  аудан тұрғындарымен аталған Бағдарламаны жүзеге асыру шарттарын түсіндіру бойынша жиналыстар үнемі өткізіледі.

2011-2014 жылдары аудан бойынша 26 үйде жалпы сомасы 520,8 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

  • 370,6 млн.теңге сомасына 13 үй (Жеңіс даңғылы, 18/1, 20, Молдағұлов көшесі, 37/1, Мәскеу көшесі, 4, Потанин көшесі, 12/2, С.Сейфуллин көшесі, 13/1, 22, Бейбітшілік көшесі, 77а, Потанин көшесі, 14/1, Жангелдин көшесі, 10, Жеңіс даңғылы, 17, 71, Абай көшесі, 35) күрделі жөндеуден өтті.
  • 56,4 млн.теңге сомасына 6 үй (С. Сейфуллин көшесі, 10, Желтоқсан көшесі, 27, С. Сейфуллин көшесі, 14/3, Желтоқсан көшесі, 27/1, Бигельдинов көшесі, 11, Талапкер орамы,5) ағымдағы жөндеуден өтті.

2015 жылы аталған Бағдарлама аясында 7 үйге жалпы көлемі 158,7 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

  • 112 млн.теңге сомасына 3 үй (Жангелдин көшесі, 1а, С.Сейфуллин көшесі, 11, Бөкейхан көшесі, 30) күрделі жөндеуден өтті.

Жангелдин көшесі, 1а, 25,1 млн. теңге сомасына, 1 шаршы метрге – 18,1 мың теңге (қайтару мерзімі 10 жыл);

С. Сейфуллин көшесі 11, 60,9 млн. теңге соммасына, 1 шаршы метрге – 9,4 мың теңге  (қайтару мерзімі 10 жыл);

Бөкейхан көшесі, 30, 26,1 млн. теңге соммасына, 1 шаршы метрге – 16,3 мың теңге (қайтару мерзімі 15 жыл);

8,3 млн.теңге соммасына 1 үйдің (Омаров көшесі, 64) инженерлік желілері жөндеуден өтті (Бөкейхан көшесі, 6, 8, 8/1, 8/2, 8/3 бойынша 5 үйде қосымша дайындық жұмыстары жүргізілді);

27,7 млн.теңге соммасына 2 үйдің (Қарасай батыр көшесі, 22/1, Есенберлин көшесі, 16) шатыр және қасбеті жөндеуден өтті.

Осы Бағдарламаны жүзеге асырылуынан бастап ауданда жалпы сомасы 696 млн.теңгеге 34 үй жөнделді (оның ішінде 15 лифт).

Бүгінгі таңда 2011-2015 жылдар аралығында жөнделген 34 пәтер иелерімен қайтарылған ақшалай қаржы 82,7 млн.теңгені құрады, 695,6 млн. теңге жоспарда  (қайтару мерзімі 7 жылдан 12 жылға дейін).

2016 жылы аталған Бағдарлама шеңберінде 11 үйге жалпы сомасы 374,9 млн.теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, оның ішінде 5 үйде күрделі жөндеу, 4 үйде ағымдағы жөндеу, 2 үйде лифт ауыстыру (4 лифт).

 

Қауіпсіз қала бағдарламасы  бойынша қызмет көрсету органдарымен бірігіп, Сарыарқа ауданы бойынша 92 тұрғын үйге 887 бейнебақылау камералары  орнатылған.

Бұл бағдарламаны іске асыру аудандағы криминогендік жағдайды жақсартуға, яғни, құқық қорғау органдарын уақтылы ақпаратпен  қамтамасыз етуге (бейнежазба және т.б.) жедел әрекет жасауға  және шара қолдануға мүмкіндік береді.

 

Балалар-мектепке дейінгі дайындық мекемелерін жөндеу

2015 жылы білім беру нысандарын жылыту маусымына дайындық аясында 14 балабақшада бейнебақылау камералары орнатылды, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. (№ 2 «Батыр», № 3 «Күншуақ», № 4 «Аружан», № 6 «Бөбек», № 13 «Тұлпар», № 14 «Ақбөпе», № 22 «Әлем», № 36 «Балапан», № 42 «Байшешек», № 43 «Қызғалдақ», № 45 «Самұрық», № 52 «Еркетай», № 55 «Қарақат» балабақшалары) жалпы сомасы – 41,1 млн. теңге.

Ашық құдықтар

Апатты жағдайларды  алдын алу үшін 2014 жылы коммуналды кәсіпорындармен бірлесіп 436 ашық құдық (қақпақ) жабылды. 2015 жылы – 461 дана, ағымдағы жылдың басынан -3 дана жабылды.

  Кәсіпкерлік

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 42 590 бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлғалар – 16 556, жеке кәсіпкерлер – 26 034.

2015-2016 жылдарға арналған Астана қаласының мемлекеттік кірістерін көбейту мақсатында іс-шаралар жоспары құрылды. Осыған орай жұмыс тобының 11 отырысы өткізілді. Бюджетке түскен түсірілім 26,9 млн. теңгені құрады, соның ішінде 17,6 млн. теңге жергілікті бюджетке және 9,3 млн. теңге республикалық бюджетке түсті.

«Сарыарқа» ауданы аумағында 1816 кәсіпкерлік нысаны орналасқан (62 сауда үйі мен супермаркеттер, 601 дүкен, 149 қоғамдық тамақтандыру нысаны, оның ішінде 66 мейрамхана, 160 дәмхана, 616 қызмет көрсету объектлері).

2015 жылдың басынан бастап рұқсатсыз қойылған 620 жарнама конструкциялары алынып тасталды.

Аудан әкімі аппаратының мамандары түнгі мезгілде көп қабатты үйлердің бірінші қабатында орналасқан объектілердің жарықтандыру құрылғыларына қадағалау жұмыстарын жүргізеді. Жыл басынан бері 345 келеңсіздік анықталып, қалыпқа келтірілді.

Аудан аумағында рұқсат етілмеген орындарда заңсыз сауда жасау орындарына тексеру жұмыстары жүргізіледі (велосипедті жалға беру, балмұздақ, сусындар, жеміс жидек, бақша өнімдері, түрлі-түсті металлдар т.б.)

2015 жыл бойынша 1 662 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде – 1342 адамға ескерту жасалып, 325 адамға 4 102 740 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Түрлі-түсті металлдарды қабылдау орындарының жұмысын қалыпқа келтіру үшін аудан әкімінің аппараты тексеру жұмыстарын жүргізуде. Тексеру нәтижесінде анықталған келеңсіздіктерді жою үшін Астана қаласының Мемлекеттік кіріс департаментіне және Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының ІІБ-на хат жолданады.

Жалпы «Өндіріс» тұрғын алабы бойынша 10 заңсыз түрлі-түсті және қара металл қабылдау пункттері және «Көктал» тұрғын алабы бойынша 5 пункт анықталды.

Ақпараттық-насихат жұмысы

Ақпараттық-насихат жұмысының тобы 6 топтан тұрады, оның ішінде білім, денсаулық сақтау, мәдениет саласы мен мемлекеттік емес ұйымның басшыларынан тұратын жұмыс тобы құрылған.

2014 жылдың 11 қарашасындағы  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына жолдауын және 100 нақты қадамнан тұратын бес институционалдық реформасын ауданның тұрғындарына және еңбек ұжымдары арасында насихаттау жұмыстары жүргізілді. 2015 жыл бойынша 44 кездесу өткізіліп 5 180 адам қамтылды.

2015 жылдың 30 қарашасындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жолдауы бойынша тұрғындар мен еңбек ұжымдары арасында 11 кездесу өткізіліп, 2600 адам қамтылды.

 

Дін мәселелері

Қазақстан Республикасының «Дін қызметі және діни бірлестіктер» жөніндегі заңының талаптарын орындау мақсатында тоқсан сайын ауданның құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесе ауданда орналасқан діни бірлестіктердің қызметтері бойынша бақылау жұмыстары жүргізілуде, «Сарыарқа» ауданы бойынша 15 діни бірлестік тіркелген.

Сонымен қатар, діни бірлестіктердің басшыларымен аудан аумағында мекемелерде, оқу орындарында 9 дөңгелек үстел отырысы және семинар кездесулер өткізіліп, 800 адам қамтылды.

Нашақорлықтың алдын алу шаралары

Аудан әкімі аппаратымен және ауданның ІІБ-мен, ПИК (КСК) төрағаларымен бірлесе 2015 жылы нашақорлықтың алдын алу мақсатында тұрғындар арасында 36 кездесу өткізіліп, 22 профилактикалық алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, аудан аумағында «РТС Деко» ЖШС мен «Астана – есірткісіз қала» атты 8 әлеуметтік жарнамасы орнатылды. (Сарыарқа даңғылы, 2; Кенесары көшесі, 2; Бейбітшілік көшесі, 4; Жеңіс даңғылы, 2; Республика даңғылы, 1, 7; Бөгенбай батыр даңғылы, 38; С. Сейфуллин көшесі, 25.)

Нашақорлық жұмыстарына қарсы штабтың хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында «Сарыарқа» ауданының ІІБ-ның қызметкерлерімен түнгі уақытта жасөспірімдердің жүруін қадағалау жұмыстары жүргізілуде.

2015 жылы түнгі бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша 444 жасөсіпірім ұсталып, 308 жасөспірімге және 136 ата-анаға айыппұл салынды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер туралы заңына сәйкес аудан аумағына мемлекеттік рәміздер қолданатын мекемелердің қолдануы мен пайдалануы бойынша бақылау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, тексеру барысында анықталған барлық кемшіліктер бір жұмыс күні ішінде қалыпқа келтіріледі.

Аудан бойынша мемлекеттік рәміздерді қолданатын 190 мекеме мен ұйым бар. Оның ішінде 48 мемлекеттік мекеме, 8 мәдениет мекемесі, 99 білім беру мекемесі, 26 денсаулық сақтау мекемесі, 9 елшілік орналасқан.

Әлеуметтік сала

Аудан әкімі аппаратында Қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсететін 2 бөлім жұмыс істейді және балаларға қызмет көрсететін 1 бөлім жұмыс істейді.

Қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсететін бөлімде 133 қарт және мүгедек адамдарға қызмет көрсетіледі. Оның ішінде 6 ҰОС ардагері,  2 ҰОС теңестірілген, 4 бірінші топ мүгедегі, 11 2-ші топ мүгедегі, 45 еңбек ардагері, 65 зейнеткер қарт кісі бар.

2015 жылы әлеуметтік қызметкерлер 27 747 әлеуметтік қызмет көрсетті. Оның ішінде әлеуметтік тұрмыс, әлеуметтік медициналық, әлеуметтік – психологиялық, әлеуметтік экономикалық, әлеуметтік құқықтық, әлеуметтік мәдениет қызметтері көрсетілді.

Психологиялық тірек қимылы бұзылған мүгедек балаларға қызмет көрсететін бөлімде 80 бала тіркелген. Әлеуметтік қызметкерлер 18 055 қызмет көрсетті.

Оның ішінде әлеуметтік тұрмыс қызметі – 4958, әлеуметтік медициналық – 4918, әлеуметтік–психологиялық – 2500, педагогикалық -4581, әлеуметтік экономикалық – 118, әлеуметтік құқықтық – 164, әлеуметтік мәдениет – 816 қызмет көрсетілді.

Мәдениет және спорт

Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппаратымен 2015 жылы қаламыздың мәдени белсенділігін арттыру мақсатында 22 мәдени іс-шара өткізілді.

Сонымен қатар, Астана қаласының Денешынықтыру және спорт басқармасымен бірлесе бекітілген жоспарға сәйкес 48 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 4 750 қатысушы қамтылды. Қазақша күрес, қол күрес, шахмат, тоғызқұмалақ, футбол, баскетбол т.б. спорт түрлерінен жарыс өткізілді.

Ауданымыздың белсенді қоғамды ұйымының бірі – Сарыарқа ауданының ардагерлер ұйымы. Ардагерлер ұйымында 134 ардагерлер орталықтары бар, Өндіріс және Көктал тұрғын алабында – 3, мекемелерде -24, ПИК (КСК) – 93 ардагер ұйымдары орналасқан.

Аудан аумағында 26 000 зейнеткер тұрады, оның 75-і – Ұлы Отан соғысының ардагері, 2 055-і – тыл еңбеккерлері, 534-і – репрессияға ұшырағандар, 2 мыңға жуығы – аз қамтылған зейнеткерлер.

Ардагерлер ұйымы Сарыарқа ауданында 10 мәдени іс-шара және 7 дөңгелек үстел отырысын ұймдастырды.

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + sixteen =