АССАМБЛЕЯНЫҢ АЙТУЛЫ ЖЫЛЫ

0 116

асса 1

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов Ассамблея жылының ашылуы туралы брифинг өткізді.

Ералы Лұқпанұлы айтуынша, мерейлі жылдың салтанатты ашылу рәсімі Астанада 6 ақпанда өткізілмек, осы күні атаулы жылға межеленген іс-шаралар легі бастау алмақ.  «Ассамблея жылы – ол бейбітшілік жылы. Қазақстан халқының жарасымды ынтымағы мен берекелі бірлігінің арқасында жеткен жеңістерінің жылы. Халықтың даналығына негізделген Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім моделінің  жылы. Баршамызды  біріктіретін, сенімімізді нығайтатын жылы барлық жоспарланған шаралардың негізгі мәні – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бейбітшілік пен қоғамдық келісім қағидаларын ауқымды  түрде көрсету» деп атап көрсетті Ералы Тоғжанов.

Айтулы жылда бүкіл өңірлерде 150-ге тарта түрлі меркелік шара өткізу жоспарлануда. Ал, КХА жанындағы  ғылыми-сараптамалық кеңестің күшімен 170-тен астам жоба жүзеге асырылады. Мазмұнына мән берілген жобалардың қатарында «Мың бала» мемлекеттік тіл байқауы, этномәдени бірлестіктер арасындағы  ең үздік  әлеуметтік жоба, этносаралық келісім мен бірліктің Қазақстандық  үлгісіне арналған түрлі ғылыми  симпозиумдар және үздік инновациялық жобалардың да байқауы бар. Осы жылы еліміздің барлық аймақтарында «ҚХА: 20 изгілікті іс» қайырымдылық акциясы қанат жайып, «Келісім мен бірлік  жол картасы» жалғасын табады.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × two =