Ассамблеядан 9 депутат сайланды

0 29

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясында Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижесін жариялады.

Дауыс беруге қатысқан ҚХА мүшелерінің жалпы саны – 351 адам. Мәжіліс депутаттығына үміткерлер үшін берілген бюллетеньдер: Сауытбек Абдрахманов – 298, Аветик Амирханян – 270, Ильяс Буларов – 274, Наталья Дементьева – 292, Юрий Ли – 282, Вакиль Набиев – 285, Шамиль Осин – 271, Владимир Тохтасунов – 277, Абилфас Хамедов 290 дауысқа ие болды.
Дауыс беру нәтижесінде ҚХА-ның 9 үміткері Парламент Мәжілісіне өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы шығарады. Тоғыз үміткер мыналар: ­1.АБДРАХМАНОВ Сауытбек Абдрахманұлы – VІ шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаты, ҚХА мүшесі. 2.АМИРХАНЯН Аветик Рубенович – Батыс Қазақстан облыс­тық «Масис» армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі. 3. БУЛАРОВ Ильяс Юсупович – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Сортөбе селолық округінің әкімі. 4.ДЕМЕНТЬЕВА Наталья Григорьевна – Көкшетау облыстық білім бөлімі «Техникалық лицей» КММ директоры. 5.ЛИ Юрий Виссарионович – «Қазақстан коллекторларының ұлттық палатасы» төрағасы, ҚХА кәсіпкерлер ассоциациясының мүшесі. 6.НАБИЕВ Вакиль Гусейнович – «Күрдтердің «Барбанг» ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, ҚХА мүшесі. 7.ОСИН Шамиль Абзалетдинович – «Шығыс» фермерлік шаруашылығының жетекшісі, ҚХА мүшесі. 8.ТОХТАСУНОВ Владимир Имтахунович – «Жетісуоблгаз» ЖШС бас директоры. 9.ХАМЕДОВ Абилфас Муслимович – «Әзербайжандықтар ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 3 =