ЖАСТАР АССАМБЛЕЯСЫН ҚҰРУДЫ ҚОЛДАДЫ

0 89
Кеше Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Әлеуметтік және этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері: өзекті мәселелері мен келешегі» атты тақырыптадөңгелек үстел басындағы мәжіліс өтті.
aaa

Бұл шара ұлттық ынтымақтастықты нығайтуға, этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін
қолдануға, қоғамдық келісім кеңестерінің қызметін дамытуға бағытталды. Жиынға Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының
мүшелері, қала кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері, ғалымдар және қалалық депутаттар қатысты.

Алдымен сөзді Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әміржан Әлпейісов бастады. Ол күн тәртібінде қаралатын мәселелерге тоқталып өтті. Соның бірі – білікті оқытушылардың азаматтық бірегейліктің негізін қалыптастырудағы жастардың рөлі туралы пікірлерін белсенді түрде жариялауды ұйымдастыру.
Одан кейін Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков «Жоғары оқу орындарындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының этносаралық тұрақтылықты
қамтамасыз етудегі рөлі» тақырыбында әңгімеледі.
Ал тарих ғылымдарының кандидаты Дамир Ерниязов «Қазақ халқының мәдениетіндегі мәдениет аралық диалог дәстүрлері» атты баяндама жасады. Сөз соңында алқалы топ Жастар ассамблеясын құру мәселесін бірауыздан қолдады.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + fourteen =