АССАМБЛЕЯ СЕССИЯСЫ АШЫЛДЫ

0 207

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы басталды.

ek77.indd

«Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» тақырыбымен өтіп жатқан алқалы жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 1 жарым мыңнан аса делегат қатысуда. Олардың қатарында Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық, өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, Үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары өкілдері, ғылыми, шығармашылық және зиялы қауым бар.

Мемлекет басшысы бұл шараның Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылып отырғанын тілге тиек етті.

– Биылғы алқалы жиын ең қастерлі құндылығымыз – Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық 25 жылдық тойы қарсаңында өтуде. Еліміздің тәуелсіздік тарихы – татулық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің шежіресі, мызғымас бірліктің жылнамасы. «Байлық та, бақыт та – бірлікте» дейді халқымыз. Еліміздің әлемге сыйлы, бай да бақуатты мемлекет болуына татулығымыздың тұтқасы – Ассамблея зор үлес қосып келеді. Мен қоғамның барлық салаларында жемісті еңбек етіп жүрген сан түрлі этнос өкілдеріне зор ризашылығымды білдіргім келеді, – деді Елбасы сессияны ашу барысында.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × one =