АССАМБЛЕЯ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУҒА АТСАЛЫСАДЫ

0 99

Ассам

18 сәуірде Астанада Қазақстан халқы ассамблеясының XXI сессияс­ы өтеді. Осыған орай, кеше Орталық коммуни­кациялар­ қызметінің брифингіне келген ассамблея атынан Парламент Мәжі­лі­сіне сайланған депутаттар­ сессияның мақсат-міндеттеріне тоқталып, өзде­рі­нің осы күндерге дейін атқарған істері жөнін­де баяндады.

Алдымен сөз алған Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов баршаны Нау­рыз мерекесімен құттықтап, бақ-береке тіледі. Осының алдындағы сессияда Қазақ­станның 2020 жылға дейінгі даму стра­те­гиясы қабылданғанын еске салды. Ассам­блея­ның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындап, қоғамдық келісімді нығайту екенін айтқан ол, ұйымның алдағы 20 жылдық мерейтойына қызу дайындық басталғанын жеткізді.

Оның айтуынша, қоғамдық келісімді нығайту ісі әсіресе ел аймақтарында белсенді жүргізіледі. Ол үшін әр өңірдегі Достық үйлерінің жұмысын дамыту тұжырымдамасы дайындалған. Сондай-ақ, ассамблея аймақтарға инвестиция тарту ісіне өз үлесін қоспақ екен. «Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімімен келісімге келдік. Сол облысқа Оңтүстік Кореядан инвестиция тартпақпыз. Біздің мақсатымыз – сол елдің қаржысын Қазақстанның экономикасына жұмыс істету. Сол үшін Қазақстандағы корейлердің этномәдени бірлестігінің жетекшісі Роман Ким 2 апта бойы Шығыс Қазақстанда болады» деді ол жөнінде Ералы Лұқпанұлы.

Болашақта ассамблея Германиядан да инвес­тиция тартуы мүмкін. Төраға орынбасарының сөзінше, ол жаққа көшіп кеткен Қазақстан тумаларымен тығыз байланыс орнаған. Оның сөзін толықтыра кеткен Егор Каппель тарихи отандарына оралған қандастарымен жиі араласатынын, олар Қазақстанды сағынатындарын айтты. Тіпті, кейінгі 2 жыл ішінде 3 мың неміс елімізге қайта оралған екен.

Ассамблеядан сайланған тағы бір депутат Ахмет Мұрадов посткеңестік елдер де Қазақстан үлгісіне қарап, ассамблеяға ұқсас ұйымдар құрғанын, алайда, ол ұйымдар еліміздегідей жүйелі жұмыс істемейтінін жеткізді.

Зухра Саяпова ассамблеяны «Тұрақтылық аралы» деп атаса, оның сөзін Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев «Тұрақтылықты экспорттаушы» деп дамыта түсті.

Надежда Петухова еліміздегі бірлік мәсе­лесін жоғары бағалады. Ералы Тоғжанов «Хал­қы­мыз ішкі рухани келісімнен айырылмаса, алмас қамалымыз болмайды» деп брифингті қоры­тын­дылады.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 − 9 =