«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

0 174

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Асқар Исабекұлы Мырзахметов 1962 жылы 1 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы және экономика мамандықтары бойынша білім алған.   1997 жылдан 2006 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі және ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызмет атқарған.  2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың қыркүйегі арасында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.  2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың наурызы аралығында – «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы.  2009 жылғы наурыздан 2015 жылғы тамызға дейін – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2015 жылғы тамыздан бастап 2016 жылдың мамырына дейін – «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары. 2016 жылдың мамырынан – ҚР ауыл шаруашылығы министрі. 2016 жылдың маусымында Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды (ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болды).

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды