«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Асқақтай бер, Астана!

0 345

Қаладағы орталық балалар және жасөспірімдер кітапхана­сында елорданың 20 жылдық мерейтойына орай «Асқақтай бер, елімінің Астанасы» атты тағылымға толы кеш өтті.

Іс-шараға бас шаһардың дамуына қал-қадерінше өз үлестерін қосқан азаматтар қатысып, еліміздің бас ордасы Алатаудың етегіндегі әсем қаладан Арқа төсіне қоныс аудар­ған тарихи оқиға туралы естеліктер айтты.
Сәкен Сейфуллин му­зейін өз қолымен құ­рып, ұзақ жылдар соны басқарған Роза Асылбекова Ақмоланың өткен тарихынан сыр тартып, бүгінгі елорда жайында оқушыларға өнегелі сөз сөйледі. Қаланың байырғы тұрғыны, Білім беру ісінің үздігі Оспан Сүлейменұлы да өткен жылдардан ой толғады.


«1997 жылы 8 қарашада Ақмолаға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер эталондары мен Президент байрағы жеткізілді. Салтанатты шара қалалық әкімшіліктің алдындағы алаңда өтті. Бұл –тарихи сәт есімнен ешқашан шықпайды. Дәл сол күнгі нөмірге облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы, марқұм Жомарт Әбдіхалықов ағамыз менің «Ақмола –Астана» атты жаңа әнімді нотасымен жариялап, оны өз қолымен сыйлаған еді» деді ұлағатты ұстаз.
Кеш барысында суретші Алмас Болатханұлының елорданың 20 жыл­ды­ғына арналған шағын көрмесі ұйым­дастырылды. Қылқалам шебері өз еңбек­терінде шаһардың көркем келбетін шынайы бедерлей білген.
Сондай-ақ, жеткіншектер қонақтарға сұрақтар қойып, өз өнерлерін көрсетіп, кешті думанға бөледі.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды