Асқақтай бер Астана!

0 66

Құрметті қала тұрғындары!

Еліміздің жүрегі – астана күні құтты болсын!
Нұр-Сұлтан қаласы – тәуелсіз Қазақстанның басты символы.Осы жылдар ішінде елорда Еуразияның ірі саяси, экономикалық, мәдени орталығына айналды.Қазақстанның жаңа да басты қаласы картада Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи шешімінің арқасында қалыптасты.
Елордамыздың дамуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Кемелұлы Тоқаевтың бақылауында.
2019 жылы 2,5 үлескері бар 10 тұрғын үй пайдалануға берілсе, биыл 20 үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға береміз. 8 мыңға жуық үлескер өз пәтерлеріне кіріп, тұрғын үй құжаттарын рәсімдейді. Сонымен бірге елордада қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі артады.
Білім беру саласына келетін болсақ, кешенді жоспар аясында 5 жыл ішінде 60 мың орындық 50 мемлекеттік мектеп (оның 10-ы қазіргі мектептердің аумағында) салу жоспарланған. Бұл екі ауысымда 120 мың оқу орнын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар биыл 150 аула мен 50 қоғамдық орын абаттандырылады. Қысқа уақыт ішінде астанамыз өркендеп, жас, қарқынды дамып келе жатқан қала мәртебесіне ие болды.
Бүгінде қалада 1,2 миллионға жуық халық тұрады. Жиырма жылдан бері қала халқы 3,5 есе, ал оның аумағы 3 есе өсті.
Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, әр отбасыға саулық, амандық пен бақ-береке тілеймін!

Алтай КӨЛГІНОВ,
Нұр-Сұлтан
қаласының әкімі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 + eighteen =