Аспан астындағы балет

0 20

Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Астана Опера» театрының труппасы ашық аспан астында 10-ға жуық тегін концерт өткізеді.Елорда тұрғындары мен қонақтары қала алаңдары – Мәмбетов көшесіндегі «Аффари» бизнес орталығы алдында Орталық қалалық саябақтағы амфитеатр сахнасында ғажайып өнер туындыларын тамашалай алады. «Шығармашылық ұжымымыз алғаш рет ашық алаңда өнер көрсеткелі тұрған жоқ. Жыл сайын Дж.Вердидің «Аида» операсы сияқты шығармаларды ашық аспан астында орындап жүрміз. Осындай жобалар ағартушылық сипатта жасалып, қазақстандықтарға рухани азық берері анық. Жанға жайлы әрі мерекелік көңіл-күй сыйлаймыз деген сенімдеміз. Бірқатар тосынсый әзірледік, олардың бірі – Италия, Швейцария, Жапония, Ресей мен Чехиядан келген шетелдік әртістердің өнер көрсетуі» деді «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров.
Концерттердің бағдарламасы ересектерге де, балалар аудиториясына да қызықты болатындай етіп ойластырылған. Сөйтіп, жас көрермендер 13 және 19 маусым күндері сағат 12:00-де Аффари сахнасында өтетін «Балалар сыйға тартқан өнер» атты концертті тамашалайды. Әр күндері балаларға қызықты балеттік және хор нөмірлері ұсынылады. Балалар театрлық студиясының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова.
13 маусым сағат 20:00-де Аффари сахнасында өтетін «Вокалдық музыка жауһарлары» концерті жексенбілік кештің романтикалық әсерін арттыра түспек. Көпшілік назарына опералардың белгілі ариялары мен дуэттері, танымал халық әндері мен романстар, аспаптық пьесалар ұсынылады. Музыкалық жауһарлар «Астана Опера» театрының опера солис­тері мен оркестр әртістерінің орындауында тыңдарманға жол тартады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − eighteen =