Әскерилер кернейлетті

0 99

Астанада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының жүлдесі үшін «Әскери керней» ІІ байқау-конкурсы өтуде.

Түрлі жанрдағы композицияда әскери музыканттар бір мезгілде «Жас­тар» сарайы алдындағы жазғы алаңда, «Бәйтерек» алаңында, Есіл өзені жағалауында, «Қазақстан» спорт кешені жанындағы су бұрқақтың жанында өнер көрсетеді. Байқау барысында әрбір музыкант өзінің орындау шеберлігін, музыкалық дарынын көрсетуі керек. «Әскери керней» байқау-конкурсы Астананың 15 жылдығын мерекелеуге арналған «Астана, саған арналады…» іс-шаралар циклына кіреді. Қала тұрғындары парад дефиле, плац-концерт пен әскерилердің қарумен өнер көрсетулерді тамашалай алады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + 10 =