Әскери тақырыптағы әңгіме

0 255

Биыл – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң 20 жылдығы. Осыған орай Астана қаласы Қорғаныс iстерi жөнiндегi департамент пен «Орталықтанды-рылған кiтапханалар жүйесi» бiрлесе отырып «Отан қорғау – азаматтық борышың» атты кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге аталмыш департа­мент­тiң Жұртшылықпен байланыс және психологиялық қамтамасыз ету бөлiмiнiң бастығы Еркiнбек Байболов, Әскерден тыс дайындық бөлiмшесiнiң бастығы Аманғали Ерекешов, Астана қаласы Алматы ауданы Қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген басқарманың аймақ­тық қорғау бөлiмшесiнiң бастығы Нұрлан Балықбаев, Департамент бастығының көмекшi-дәрiгерi, ме­ди­циналық қызметтiң аға лей­те­нанты Әнуар Әубәкiров, Жұмыл­дыру бастығының көмекшiсi Ти­мур Спатаев, аға лейтенант Мұрат Бижанов келдi. Олар Политехни­калық колледж студенттерiмен әсер­­лi әңгiме-дүкен құрып, әскери өмiр туралы қызықты хикаялар айтып бердi.
Әскерден тыс дайындық бөлiм­шесi қаладағы ер азаматтарды әс­ке­ри есепке қояды. Өз елiмiздегi не­месе шетелдiк жоғары әскери оқу орындарына үмiткерлер дайын­­дайды. Әскерге шақырылу­шыларды iрiктейдi, мектептердегi алғашқы әскери сабақтардың тұ­рақты өтiп тұруын қадағалайды. Қазiргi заман талабына сай өзгерiп жатқан әскери техника жайында сұрақ қойған жеткiншектер тұ­шым­ды жауаптар алды. Әскери шен­дегi азаматтардың үнемi жат­тығулар жасап шынығуы олардың спортқа деген сүйiспеншiлiгiн арт­тыруға себепшi. Отансүйгiштiкке баули отырып әскери адамдарға көптеген мiндеттер жүктелетiнi бел­гiлi. Отан алдындағы парызын әр азамат өз еркiмен орындауы – патриоттық тәрбиенiң арқасы. Жал­пы кездесу жасөспiрiмдерге әскери борыштың қаншалықты маңызды екендiгiн жеткiзу мақ­сатын толықтай орындады.

Шынар ӘБIЛДА 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 − 5 =