Әскери қызмет – абыройлы міндет

0 520

Мұхамеджан ТАЛАСОВ, Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы

Қарулы Күштердің Жоғарғы Басқолбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті әскерге шақырудың негізгі құжаты – «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2013 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2013 жылғы 23 ақпандағы №509 Жарлығына қол қойды.

Әскерге шақыруды үйлестіру, сапалы түрде дайындалу және өткізу үшін 2013 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрімен Бас штаб әзірлеген «2013 жылғы наурыз-маусымда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға дайындалу және өткізу бойынша іс-шаралардың кешенді жос-пары», сондай-ақ «Мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын әскерге шақырылушыларды алдын ала зерделеу және іріктеу алгоритмі» бекітілді.

Қазіргі таңда Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде қала әкімі бекіткен кезекті көктемгі әскерге шақыруға дайындалу іс-шараларының жоспары құрылған. Әскерге шақыру басталғанға дейін бұл жерде білім деңгейі, моральдік-іскерлік сапалары мен денсаулық жағдайы бо-йынша белгіленген әскер түрлері мен тектеріне және басқа да әскери құрылымдарға тағайындалатын әскерге шақырылушыларды зерделеу жұмыстары жүргізіледі.

Көктемде әскерге шақыру жасындағы астаналықтар:
– Қарулы Күштердің;
– Республикалық Ұланның;
– ҚР ҰҚК шекара қызметінің;
– ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің;
– ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің әскери бөлімдеріне әскерге шақырылады.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды жасақтау үшін қажетті шамада он сегізден жиырма жеті жас аралығындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырудан босатуға құқығы жоқ азаматтар жатады.
Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті күзгі әскерге шақыру нарядын 100% орындады. Күзгі әскерге шақырудағы біздің департаменттің көрсеткіші республика бойынша алдыңғы қатарда екендігін айта кету керек, сондықтан болашақта көктемгі әскерге шақыруды да осылай жоғары деңгейде өткізу жоспарлануда.

Бәріне белгілі, Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы Н.Ә.Назарбаев Қарулы Күштер көп санды емес, ұтқыр әрі соғысқа қабілетті болу қажет деп атап көрсетті.

Сәйкесінше Қарулы Күштердің түрлері мен тектеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына тағайындау кезінде азаматтардың өндірістік біліктілігі мен мамандығы, олардың денсаулық жағдайы ескеріледі. Осыған байланысты:
1) техника шығару және жөн­деу­ге қатысты ұйымдарда жұмыс іс­тейтін әскерге шақырылушылар сәй­кесінше әскер түрлері мен тектерін жа­сақтауға жіберіледі;
2) режимді және арнайы бөлімдерді жа­сақтау үшін алдын ала көрсетілген ко­­­мандаларға іріктелген әскерге ша­қы­­ры­­лушылар жіберіледі;
3) аэроұтқыр әскерлерді жасақтау үшін ортадан төмен емес білімі бар, дене дамуы жақсы, бірінші кезекте спортпен айналысатын-парашютші әскерге шақырылушылар арасынан ірік­теу жүзеге асырылады.
4) Республикалық Ұланды жасақтау үшін басым тәртіпте дене даярлығы жақсы, ортадан төмен емес білімі бар әскерге шақырылушыларды іріктеу жү­зеге асырылады;
5) жоғары білімі бар әскерге шақы­ры­лушылар олардың білімі мен әс­ке­­ри дайындық бағытына жақын ма­ман­дық­тар бойынша оқу бөлімдеріне жі­бе­­­ріледі;
6) математикалық, физикалық және инженерлік-экономикалық факуль­тет­тер­ді аяқтаған әскерге шақы­ры­лушылар радиотехникалық, зенитті-ракеталық бөлімдерге, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының байланыс бөлімдеріне жіберіледі;
7) ауыл шаруашылығының механизациясы және электрификациясы факультеттерін аяқтаған әскерге шақырылушылар танктік, авиациялық, зенитті-ракеталық бөлімдер мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің азаматтық қорғаныс, Қазақстан Респуб­ликасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің бөлімдеріне жіберіледі;
8) медициналық және фар­­мацев­ти­ка­лық факультеттерді аяқ­таған әскерге ша­қырылушылар сәй­ке­сінше кіші ме­дициналық персо­нал лауазымдарына Қа­зақстан Республикасы Қарулы Күш­­те­­ріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына жіберіледі;
9) маман-сарбаздарды әзірлеу үшін оқу бөлімдеріне іріктеу қатаң түрде жекелеген тәртіппен жалпы ортадан төмен емес білімі бар және жоғары моральдық сипаты бар әскерге шақырылушылар арасынан жүргізіледі. Оқу бөлімдеріне іріктеу кезінде, сондай-ақ олар әскерге шақыруға дейін алған мамандықтары ескеріледі.

Алдағы әскерге шақырудың жаңашылдығын да атай кету қажет. Әскерге шақырылушыларды алдын ала медициналық куәландырудан өткізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидалары» 2012 жылғы 7 тамыздағы №1029 қаулысына сәйкес Астана қаласында үнемі әрекет етуші медициналық комиссия құрылды. Себебі, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу – жергілікті атқарушы органдармен, қорғаныс істері жөніндегі департаментпен және әскерлермен тығыз қарым-қатынаста өткізілетін өте байыпты іс-шара.

Біздің мемлекетіміздің қорғаныс қабілеттілігі Қарулы Күштерді жеке құраммен жасақтау сапасына, олардың даярлығына тікелей байланысты.

Басты мақсат ол – әскери-оқытылған резерв құру. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мұның бір бөлігі болып қана табылады.

Біз қазіргі кезде келесі бағыттардағы жұмыстар жүргізудеміз, яғни:
– әскери жиындарға 27-ден 35 жас аралығындағы әскери міндеттілер шақырылады, бұлайша біз өз уақытында мерзімді әскери қызметке шақырылмаған, әскери даярланған азаматтардың санын көбейте аламыз;
– әскери жиындарға запастағы офицерлер де жіберіледі.

Келесі бір жаңашылдық «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Респуб-ликасы 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 12-бабы 1, 3-тармақтарына сәйкес атқыштар, гранатаметші, пулеметші мамандықтары бойынша ҚР ҚМ «Әскери-техникалық мектеп» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалдарында қайтарымды негізде даярлау үшін азаматтарды іріктеуді жүргізу болып табылады. Оқу ақысы – 210 069 теңге, мұнда үш реттік ыстық тамақ, киім-кешек, оқу үрдісіндегі (жаттығу атуларын өткізу мен жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету) және казармада тұру шығындары кіреді.
Оқу үшін жиырма екіден жиырма жеті жасқа дейінгі, әскери қызметке жарамды немесе денсаулық жағдайы бойынша шектеулі жарамды, әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру құқығы бар әскерге шақырылушылар қатыстырылады. Оқу аяқталған соң олар әскери міндеттілер есебіне ауыс-тырылады.

Қазақстан Республикасында бірінші рет Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде келісімшарт бойынша әскери қызметке жинау пункті ашылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі іс-қимылының маңызды бағыты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін офицерлік, қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамымен жасақтау жүйесін жетілдіру болып табылатындықтан, республиканың облыс орталықтары мен ірі қалаларында осындай 34 пункт жұмыс атқаруда. Бұл жұмыстардың басты басымдылығы – Қарулы Күштер маман-келісімшарт қызметкерлерінің санын арттыратын сан жағынан сапалы сипаттағы артықшылықтар болып табылады.

Үгіттеу пункттері жұмысының негізі үміткерлерді іріктеудің көп салалы жүйесі мен қалың бұқара топпен үгіттеу жұмыстарын өткізу болып табылады. Сонымен қоса, осы қысқа уақыт ішінде пункт жұмысы оң нәтижелер көрсеткендігін де айта кету керек. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеруге ниет білдірушілер саны артуда. Тұрғын үйді жалға алу үшін ақшалай өтемақы төлеу «әлеуметтік пакет» жаңа мүмкіндігі де үлкен стимул беруде.

Жалпы мемлекетімізбен бірге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері де өзінің 20 жылдығының табалдырығынан өтті. Қарулы Күштер орнында тұрмайды, біз жауынгерлік әзірлікте даму үстіндеміз, қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерімен толығып, соның арқасында жауынгерлік даярлығымыздың дәрежесін арттырамыз.

Қарулы Күштердің келбеті өзгерді, ол тұтастанды, ұтқырланды әрі кәсібиленді.

Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды жасақтау саласы да оң жетістіктерге ие.

Қарулы Күштерде жыл сайын ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері енгізілуде, қару-жарақ пен техниканың, сарбаз-мамандарды әзірлеу үшін ұзақ уақытты талап ететін басқару мен қолданудың жаңа түрлері түсуде. Мақсатты түрде мұндай лауазымдарға келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді тағайындайды. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру мерзімі кем дегенде үш жыл, бұл уақыт ішінде қымбат техника мен қару-жарақ түрлерінде жауынгерлік кезекшілік атқаратын, сондай-ақ сапалы түрде олардың техникалық қызмет көрсетуін жүргізе алатын жақсы маман даярлап шығуға болады. Осыған байланысты Қарулы Күштерді келісімшарт қызметкерлері – мамандар санымен жасақтау өте қажет.

Сондықтан да келісімшарт бойынша әскери қызметке жинау пункттері ҚР Қарулы Күштерінің дамуы мен құрылуында үлкен әрі әсерлі рөл атқарады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 5 =