ӘСКЕРИ ПАРАД ӨТЕДІ

0 163

парад-1-5

Бұл ауқымды шара 7 мамырда Астанада Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылады. 

Қазақстан Рес­пуб­ликасының Пре­зиденті – Қарулы Күш­тердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұр­сұлтан Әбішұлы На­зарбаевтың 2014 жыл­ғы 19 наурыздағы Отан қор­ғау­шылар күнін мерекелеу жөніндегі №1362 нұсқауы бойынша Астана қаласында Әскери парад өткізіледі.

Әскери парад 2014 жылғы 7 мамырда Астана қаласындағы «Қазақ елі» алаңында өтеді. Парадқа Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағ­дайлар министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік ко­митеті Шекара қызметінің және Респуб­ликалық  ұланның парадтық есептоптары, сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери техникалары мен авиациясы тартылады.

Әскери парадтың салтанатты маршының жаяу легіне 2 мыңға жуық әскери қызметші, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қа­рулы Күштерінің жеке құрамынан 1500 адам қатысады.

Механикаландырылған колоннадағы әскери техника саны 250 бірлікті және жеке құрамда 566 адамды құрайды (механик-жүргізушілер, экипаждар, десанттар). Сондай-ақ, парадқа 56-ға жуық ұшу аппараттары қатыстырылады.

2014 жылғы 14 сәуірден бастап парад есеп­топтары мен механикаландырылған колон­налардың жаттығулары күн сайын өткізілетін болады. Елдік рухты көте­ретін мұндай шаралар жастардың бойын­да патриоттық сезім қалыптастырып, отан­сүйгіштікке тәрбиелейтіні айт­паса да түсінікті. Сондықтан да әскери парад әскерилер тарапынан да жоғары жауап­кер­шілікті, алға қойған мақсатты бір демде бір кісідей атқарып шығуды талап етеді. Жат­тығуларды парадқа дейін күн сайын өт­кізу қажеттілігі де алдағы міндет үдесі­нен көрінуді діттейді.

Іс-шара Қорғаныс министрлігіне қарастырылған 2014 жылғы бюджеттік бағ­­дар­ламаның ақшалай қаражаты көле­мінде қамтамасыз етіледі деп хабарлады Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 8 =