ӘСКЕРИ ӘНДЕР ӘУЕЛЕДІ

0 161

DSC_5411

Астанадағы «Жас­тар» сарайында әскери-патриоттық әндер фестивалі өтті. Ұлы Жеңістің 69 жылдығына арналған іс-шараны қалалық Ардагерлер кеңесі ұйымдастырды.

Фестивальде қала мек­тептерінің оқушылары, студент жастар мен зей­неткерлерге дейін ән шырқады. «Әлия», «Алға, қазақ жігіттері!», «Қазақ елі», «Ты же выжил, солдат», «Катюша» сынды әндер жиналғандарды бір серпілтіп тастады. Сондай-ақ, әскери сарындағы туындыларды орындаған ардагерлер ансамблін жас­тар ұйып тыңдады. Бұл ғана емес, мұнда орын­далған әндердің бәрі де тыңдарманды ерекше күйге бөледі. Көрермен қауым бір сәт соғыс жылдарына сапар шегіп, бейбітшіліктің оңай жолмен келмегенін сезінгендей болды.
Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аман­келді Сыздықов айтулы шара майдангерлердің ерлігін мадақтау арқылы жастардың патриоттық сезімін көтергенін атап өтті. Ендеше, егеменді елде ғұмыр кешіп жатқан бүгінгі ұрпақ Отанға, еліне, жеріне деген сүйіс­пен­шілігін патриот­тық ән­дермен айшықтай түссе, рухымыз биіктей бермек.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 + three =