ӘСКЕРИ ӘЛЕУЕТПЕН ТАНЫСТЫРАДЫ

0 161

1761747

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев 7 мамыр күні «Қазақ елі» алаңында өтетін әскери шеруге дайындық және оны өткізу жайымен таныстырды.

Отан қорғаушылар күніне арнал­ған айтулы шараға Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министр­лі­гінің, Ұлттық қауіпсіздік коми­те­тінің, Республикалық гвардияның бөлімшелері мен әскери техникасы қатысады.

Мұрат Майкеевтің айтуынша,­ шерудің басты ерекшелігі – еліміз­дің әскери зауыттарында құрас­ты­рыл­ған техникалар көрсетілмек.

– Бұл алғаш рет ұйымдас­ты­рыл­ға­лы отыр. Себебі, 2011 жылғы әскери парадта біз Ресейден, Түркия­дан және басқа де елдерден алын­ған техникаларды көрсеткен едік. Олар биыл да көрсетіледі. Соны­мен қатар, аталмыш әскери шеру­де шетелдің арнайы операциялар бөлім­ше­лерінің стандарты бойынша қайта құрылып, толығымен жарақталған пилотсыз ұшақтарды да көрсетеміз – дейді М. Майкеев.

Белгілі болғандай, әскери шеруге 2000 әскери қызметші, 250 әскери техника мен 75 ұшу аппараты қатысады.

Гүлмира Шарханқызы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 − six =