Әскерге шығарып салды

0 144

Астана жұртшылығы Отан қорғаушылар алаңында болашақ сарбаздарды әскер қатарына салтанатты түрде шығарып салды.  

Биыл елордадан Қазақстанның Қарулы Күштерінің қатарына әскери қызметін өтеуге 200 адам аттанбақ. Әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу ҚР Қарулы Күштерінің имиджін көтеру бағытында «Астана жастары және бірыңғай армия» акциясы аясында өтуде. Бұл шараға 1 мыңға тарта астаналық оқушы қатысты. Салтанат аясында ардагерлер мен Республикалық Ұлан сарбаздары Отан қорғаушылар алаңындағы Мәңгілік алауға Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, Халық қаһарманы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев әскер сапына шақырылғандарға аманат сөздерін айтып, жиналған мектеп оқушыларына, бастапқы әскери сабақта белсенділік көрсеткен әскер жасындағы жастарға әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктерді салтанатты түрде табыс етті.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 − 1 =