Әскерге шығарып салды

0 124

Бұрнағы күні қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департа­ментінің жинау пунктінде  жас сарбаздарды әскерге шығарып салу салтанаты өтті. Көктемгі шақыртудың соңғы легіне 40  бозбала ілікті. 

Болашақ сарбаздар Петропавл қаласындағы ішкі әскер бөлімшесінде және шекарада борыштарын өтейді.

«Қалқан» газетінің және «Бүркіт» журналының бас редакторы, полковник Сәдуақас Жұбатов, Ішкі әскерлердің тәрбие бөлімінің бастығы Арман Бутанов сөз сөйлеп, жас жауынгерлерге сәт-сапар тіледі. Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, белгілі әнші Жаңабай Өтегенов жігіттерге арнап ән шырқады.

Сапарғали Қанат,
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2-курс студенті

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 + 4 =