«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Әскерге шақыру басталды

0 484

Еліміздің барлық өңірлерінде көктемгі әскерге шақыру басталды. Нау­қан алдында Астана қаласы әкімінің орынбасары – қалалық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Асқар Әмрин кезекті міндетті әскери қызметке шақыру науқанын ұйымдастыру және өткізу бойынша негізгі жұмыстарды анықтап берді.

«Қазіргі таңда ҚР Қарулы күштерінде, Кедендік қызметте, Мемлекеттік күзет қыз­меті мен Ұлттық ұланда Отан алдындағы борышын өтеу үшін көктемде елордадан 800 сарба з әскер қатарына аттандырылатын болады деп жоспарлануда. Қалыптасқан дәстүрге сай оларды салтанатты түрде шығарып салатын боламыз. Шараға жас жауынгерлердің ағайын-туысы, достары, қала әкімдігінің өкілдері, ардагерлер ұйымдарының өкілдері, әлеумет қатысады. Армияда Отан алдындағы борышты өтеу үшін қолайлы жағдай жасалған деп айтуға болады» деді Асқар Әмрин.
Өз кезегінде қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Ардақ Кукатов жастарды әскери қызметке даярлау және шақыру үзіліссіз жүргізілетінін жеткізді.
Айта кетейік, әскерге шақырылушылардың алғашқы тобы 15 наурызда ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатарында борышын өтеу үшін жөнелтіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды