Әскерге кімдер шақырылды?

0 40

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 2 сәуірдегі №296 Жарлығына сәйкес, елордада әскери міндеттілер тізімі жасалып, әскерге шақырылды. Жуырда Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы Мұрат Бектанов әскери міндетті-еріктілермен кездесті. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлады.Бірінші кезеңде 100 әскери міндетті шақырылды. Олардың бәрі – әскери міндетті-еріктілер. Қажет болған жағдайда олардың саны ұлғайтылады. Әскери міндеттілер қатарында белгілі қазақстандық боксшы, «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы әрі орындаушысы Ибрагим Ескендір де бар. «Халық әрқашан шығармашылық адамдарын, спортшыларды қолдайды. Біз бұл қолдауды сезініп жүрміз. Халқыма қызмет етуге дайынмын. Мен запастағы лейтенантпын, бокспен айналысатындықтан физикалық тұрғыда төзімдімін. Мемлекет басшысының «Әскери міндеттілерді арнаулы әскери жиынға шақыру туралы» Жарлығын естігенде, бірден елордадағы әскери комиссариатқа келдім. Медициналық тексеруден өттім, қызметке дайынмын» дейді Ибрагим Ескендір.
Қала әкімі Алтай Көлгінов әскери міндеттілердің негізгі міндеттері індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб жұмысына қатысу, өткізу-бақылау бекеттерінде қызмет атқару, қала аумағына дезинфекция жүргізу, инфекция ошақтары анықталған нысандарды күзету және тағы басқалары екенін атап айтты. Әскерге шақырылғандар тамақпен, киім-кешекпен әрі еңбекақымен толық қамтамасыз етілген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + 20 =