«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Әскерге аттанды

0 217

Астанада «Әскерге бару – азамат­тық парызымыз!» ұранымен Қа­зақ­стан Республикасы Қарулы Күш­­терінің қатарына жаңадан ша­қырылғандарды салтанатты түрде шы­ғарып салды.

ҚР ҚК десанттық-шабуылдау батальонына аттанатын 30 елордалық азамат әскери ант қабылдағаннан кейін Қапшағай қаласында Отан алдындағы борышын орындауға кіріседі.
– Бүгін салтанатты түрде Қапшағай қаласындағы десанттық-шабуылдау батальонына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына жаңадан шақырылғандарды аттандырып тұрмыз. Әскери бөлімдерде тәжірибелі офицерлер сарбаздарды әскери міндеттің бастапқы іліміне оқытып қана қоймай, олар үшін жаңа жағдайға бейімделулеріне көмектеседі. Олар қару-жарақты қолдану тәсілін үйренеді. Сонымен қатар, біз тек денсаулығы мықты азаматтарды ғана емес, білімі жоғары, зерделі жастарды да шақырып жатырмыз, – деді Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бөлім басшысы Арман Керекбаев.
Қазіргі уақытта «Күз-2018» шақыру науқаны қызу жүріп жатыр. Биыл күзде шамамен 20 мың адам шақырылады. Оның ішінде бір мыңға жуығы Астана қаласының тұрғындары болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды