Әскер – егемендігіміздің мызғымас кепілі

0 238

Рәсімге қатысушыларға арналған сөзінде Елбасы Қазақстанда Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күнін мерекелеудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

– Мен бүгін Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде жоғары әскери және арнаулы атақтар, сондай-ақ қызметтегі жетістіктері үшін мемлекеттік наградалар тапсырамын. Осындай жоғары марапатқа еліміздің бейбіт өмірі мен тыныштығын сақтайтын әскеріміз бен арнаулы қызметтердің үздік өкілдері ие болып отыр, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев әлемде белең алып келе жатқан тұрақсыздық жағдайында мемлекеттің әскери-күш саласы ерекше ма­ңыз­ға ие болатынын айтты.
– Біз­­дің әскеріміз бен құқық қорғау құрылымдарымыз ел қауіпсіздігінің берік қалқаны әрі егемендігіміздің мызғымас кепілі болып саналады. Мемлекет барша қазақстандықтардың бейбіт өмірі мен тыныштығын сақтау жолындағы сіздердің ерліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті елі­міздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде әрбір әскери қызметшінің зор рөл атқаратынын атап өтті.
– Жауынгерлер әрда­йым Отан үшін отқа түсуді парыз санаған. Бұл – жәй сөз емес. Біз мұны Ұлы Отан соғысы тарихындағы ерлік істерден және ата-бабамыздан қалған мұралардан білеміз. Әрқашан осылай болған және бола береді. Еліміз өз армиясы мен құқық қорғау органдарын бағалап, құрмет тұтады, сондай-ақ сіздерді адал әрі қалтқысыз қызмет етеді деп сенеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Мемлекет басшысы салтанатты шараға қатысушылардың барлығын Отан қор­ғаушы күнімен және Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × four =