Ашықтық қағидаты сақталады

0 40

«ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында елордалық Есіл ауданының әкімі Берік Жакенов аудан бойынша 2020-2021 жылға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.Есіл ауданы аумағында «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «ОPEN AKIMAT» тұжырымдамасы туралы айтылды. Бүгінде аудан тұрғындары «бір терезе» қағидаты бойынша ХҚКО, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, тұрғын үй қоры, жұмыспен қамту орталығы, мемлекеттік кірістер басқармасы, «Атамекен» ҰКП және аудан әкімдігінің қызметкерлерінен электрондық кезек арқылы мемлекеттік қызметтерді ала алады.
«OPEN AKIMAT» енгізілгеннен бастап 2019 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың мамырына дейін 10 мыңға жуық азамат өтінішпен келген. Ашылғаннан бері адамдар саны екі есеге кеміген, бұл азаматтардың мәселелерінің шешіліп жатқандығын білдіреді.
«Жалпы, ашықтық қағидатына сүйене отырып, биыл біз «Қатысу бюджеті» қанатқақты жобасын жүзеге асырдық. Есіл ауданындағы барлық шешімдер қоғамдық тыңдаулардан, тұрғындармен кездесулерден кейін қабылданады, 109 IКomek Call-орталығының жұмысына тұрақты талдау жүргізіліп отырады» деді Берік Жакенов.
Кездесу барысында әкім Есіл ауданы әкімдігінде жұмыспен қамтудың жол картасына қатысуға өтініштерді қабылдау басталғанын айтты. Осы жылы тұрақты жұмыс орындары үшін жұмыспен қамту орталығы бағытында 911 адамды жұмысқа орналастыру міндеті тұрғанын жеткізді (жұмыс өтілі, категориясына және т.б. байланысты 85 мың теңге төменгі жалақы).
Бүгінгі таңда Жол картасын іске асыру аясында Есіл ауданының аумақтарын абаттандыру; жалпы аумақтардағы жолдарды ұйымдастыру; қоғамдық орындарда балалар ойын жабдықтарын және шағын сәулет формаларын орнату; энергияны үнемдейтін жарықтандыруды қамтамасыз ету; көгалдандыру; орталық саябаққа жөндеу; Назарбаев орталығы алаңын абаттандыру жұмыстары басталған.
Жоғарыда аталған жұмыстарды орындау үшін 1821 жұмыс орнын құру жоспарланған, олардың 911-і – жұмыспен қамту орталығы бағыты бойынша.
Жол картасының негізгі мақсаттары мен бағыттары – жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, қосымша жұмыс орындарын құру және табыспен қамтамасыз ету, елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасау.
Әкім сонымен бірге биыл Есіл ауданында іске қосылған «Қатысу бюджеті» қанатқақты жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыс­тар туралы толығырақ айтты.
«Жобаны іске асыруға бөлінген қаржыдан қосымша 360 миллион теңге Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында қосымша бөлінді.
Бүгінгі күні біз өтініштерді қабылдау бойынша жұмыс істеп жатырмыз (1 мамырға дейін болған) және карантин режиміне байланыс­ты азаматтардың ұсынысы бойынша өтініштерді қабылдау мерзімі ұзартылды» деді Берік ­Жакенов.
Диалог барысында әкім желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × four =