«Ashyq» жүйесі – қауіпсіздік кепілі

0 36

Жаңа оқу жылы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз алаңында «Жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта ұйымдастыру» атты брифинг өтті.

Елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Прәлиева Қаулыға сәйкес, жаңа санитарлық талаптарды атап өтсе, қалалық Білім басқармасының басшысы Шәкәрім Сейсенбай жаңа оқу жылындағы жаңашылдықты баяндады. Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарында эпидемиологиялық жағдайдың алдын алуға байланысты бірқатар шаралар қабылданған. Мұғалімдер екпе алды. Мектептер санитарлық талаптарға сай, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Барлық нысандар «Ashyq» жүйесіне қосылды. Жыл сайынғы өсімді ескере отырып, мектеп саны да артып келеді. Үш ауысымды мектептердің санын азайту мақсатында биылғы жылы 40 мыңға жуық оқушыға арналған 15 мектепті салу жобалары жүргізілуде. Оның ішінде 8 мектеп қыркүйекте ашылды. 2 мемлекеттік мектеп, 4 жекеменшік және 1 мемлекеттік жекеменшік әріптестік шеңбері аясында салынған мектеп.
«Барлық білім беру ұйымдары санитарлық талаптарға сай, дезинфекциялық құралдармен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Білім беру ұйымдарына санитарлық-гигиеналық өнімдерді сатып алу үшін жергілікті атқару органдары шамамен 27 миллион теңге бөлді. Елімізде ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында мұғалімдер мен техникалық персоналға, жұртшылыққа жаппай вакцинация жүргізілуде. Медициналық көрсеткіші бар адамдар вакцина алмайды. Бүгінгі күні педагогтардың 99,7%-дан астамы және техникалық персоналдың 98,9% вакцина алды. Барлық білім беру ұйымдары «Ashyq» жүйесіне 100% қосылды. Бұл жүйе меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары педагогтар, персонал, ата-аналар, заңды өкілдер, келушілер және 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін арналған» деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ сыныптардағы оқушыларды отырғызу жүйесіне де өзгерістер енгізілді. Бүгінгі күні санитарлық талаптарға сәйкес бір сыныптағы оқушылардың саны 25-тен аспайды. Дегенмен қаламызда үш ауысымда оқытылып жатқан орын тапшылығы бар мектептер бар. Бұл мектептерде оқу процесін ұйымдастыруға санитарлық талаптарды сақтау бойынша жағдай жасалады. Бас­тысы, әр мектептің жеке жағдайы ескеріледі. Үш ауысымдағы мектептерде бір сыныпта оқушы саны 25-тен жоғары болса мектептің жағдайына қарай шаралар ұйымдастырылады. Мектептің жобалық қуаттылығы, сынып комплектілерінің саны, сонымен бірге оқушылардың санына байланысты қашықтан оқытуға ауыстыру, кіші ауысымдар құру шараларын қолданып, әр мектеп өздері шешім қабылдайды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × three =