Ashyq жобасы – қауіпсіздік кепілі

0 29

Бүгінгі таңда елордада 2 200-ден астам кәсіпкерлік субъектісі Ashyq жобасында тіркелген. Енді қаладағы жабық сауда орындары да өзге кәсіпкерлік нысандары секілді аталмыш жобасына қосылатын болды.Жобаға қатысатын кәсіпкерлерлік нысандарға келушілердің статусы анықталғаннан кейін ғана ішке жіберіледі. Ал мониторингтік топтар нысандардың санитарлық нормаларды және шектеу шараларын сақтағанын жүйелі түрде тексеріп тұрады. Осылайша коронавирустың таралу қауіпін азайтуға, қыз­меткерлер мен келушілерді қорғауға және нысанның қызметін жалғастыруға мүмкіндік беріледі.
Қазіргі кезде қаладағы «Әсем», «Әлем» сауда орталықтары, «Эталон» құрылыс базары, сондай-ақ «Шапағат», «Сарыарқа» және өзге де сауда орындары жобаға дайындалуда.
Соңғы мәліметтер бойынша Ashyq жобасының арқасында 18 тұрғын «қызыл статусы» (ПТР сынамасы оң нәтиже көрсетті) бола тұра қоғамдық орындарға кіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Біз кешеден бері Ashyq жобасы бойынша жұмыс істеп келеміз. Жұртшылық арнайы орнатылған тәртіп бойынша кіреді. Кіреберісте жиналып тұрмайды. Бүгіннің өзінде келушілер арасында 2 сары, 1 қызыл статусы бар адамдар анықталды. Өз тәжірибемізде мұндай үлкен нысанда да осы жүйе бойынша жұмыс істеу­ге болатынын көрсеткіміз келеді. Нысан қызметкерлері де, келушілер де өзін қауіпсіз сезінуі үшін осы жүйені орнатқанын қалаймыз» – дейді «Әсем» СО директоры Нұрлан Нұрмағанбетов.
Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес осы жылдың 2 тамызынан бастап Ashyq жобасына қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылатын болады. Бұл тәртіп орталық мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге, құқық қорғау органдарына, денсаулық сақтау ұйымдарына, БАҚ-қа, азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарына қолданылмайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 + 3 =