«Ashyq»-тың артықшылығы неде?

0 36

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен елордалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бірлесе кәсіпкерлік субъектілерін аралап, «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалануды түсіндіру бойынша баспасөз турын ұйымдастырды.

«Ashyq» қанатқақты жобасын жүзеге асыру елордада үстіміздегі жылдың 17 қаңтарында басталды. Жаңа жоба алдымен фитнес орталықтар, спа орталықтар, сауналар мен бассейндерде енгізілді. Яғни клиенттердің қосымшаны жүктеу және QR-код бойынша сәйкестендіру бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ететін ресепшн жұмыс істейтін нысандар таңдалды.
– «Ashyq» мобильді қосымшасы жұмыс істеуімізге үлкен мүмкіндік береді. Адамдар спорттың бұл түрін сағынып та қалды. Себебі боулинг ең алдымен көңіл көтеру түрі емес, спорт болып саналады. Кешеден бері QR-код алып жұмыс істей бастадық. Келушілер болды, 30 адамға қызмет көрсеттік. Бәрінде де «көк» мәртебе болды. «Қызыл» және «сары» мәртебе болған жоқ. Арнаулы оқудан өттік. Оның барысында «қызыл» мәртебесі бар адамдарды мекемеге жібермеу керектігін, міндетті түрде санитарлық-эпидемиологиялық қызметке хабарлау қажеттігін түсіндік. Қызметтерге қауіпсіз қызмет көрсету үшін жұмыстар жүргізіледі. Әр ойыннан кейін боулинг шараларын арнаулы сұйықтықтармен тазалап отырамыз, – деді «Думан» қонақүйіндегі боулинг орталығының басшысы М.Жанғожин.
Қазіргі уақытта «Ashyq» қанатқақты жобасын іске асыруға 39 кәсіпкер өзінің келісімін білдірді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 − 2 =