Ashyq қосымшасымен қабылдайды

0 15

Бүгінде Ashyq қосымшасы арқылы кәсіпкерлік, мәдениет және спорт нысандары жұмыс істеп жатыр. Енді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің (2021 жылғы 11 маусымдағы №27) қаулысына сәйкес, еліміздің барлық қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) да тұтынушыларды Ashyq сервисі арқылы қабылдайды. Теріс немесе бейтарап мәртебесі бар азаматтар мемлекеттік қызметтерді кезекті брондамай-ақ ала алады.
Егер азаматтардың смартфонында Ashyq қосымшасы болмаса, олар таяуда ғана Ashyq функционалы енгізілген eGov mobile, Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларын пайдалана алады. Тіпті аталған қосымшалар болмаған жағдайда азаматтардың мәртебесін ХҚО қызметкері ұсынған ЖСН бойынша анықтай алады. Қалалардың әрбір фронт-офисінің кіреберісінде сканерлеу үшін арнайы дербес QR код ілінген. Мәртебені нақтылау барысында «сары» не «қызыл» мәртебесі бар азаматтар анықталған жағдайда олар ғимаратқа кіргізілмейді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 − 10 =