«Ashyq»-қа тіркелгендер де  тәртіп бұзды

0 10

Елордалық мониторингтік топ «Ashyq» қатысушы-нысандарының 15 700-ден астамын тексеріп, 574 нысанда карантин тәртібінің бұзылғанын анықтады. Бүгінде «Ashyq» жобасына 13 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан тіркелген.

607fb75d8c248

 «Осы жылдың 26 ақпанынан 12 қазанына дейін Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq» жобасына 13 363 нысан қатысады, оның ішінде қатысушылар – 1 904 және ерікті қатысушылар – 11 459. Олардың ішінде – кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік органдар, білім беру, денсаулық сақтау нысандары, өнеркәсіптік және коммуналдық кәсіпорындар және т.б. Қала бойынша «Көшбасшы «Ashyq» мәртебесі бар 294 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген» деді қала әкімінің орынбасары Асхат Оралов.

Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 574 нысанда шектеу және карантин шараларының бұзылғандығы анықталды. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес аясында осы жүйені ШОБ, мемлекеттік мекемелер мен білім беру объектілерінде енгізу жалғасуда.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 − four =