«Ashyq»-қа есік ашық

0 125

Бүгінгі таңда «Ashyq» мобильді қосымшасын елорданың 39 кәсіпкерлік субъектісі пайдаланады.
«Ashyq» қанатқақты жобасы өз жұмысында бірқатар фитнес-клубтарды, спа-орталықтарды, сауналарды және ресепшні бар басқа да нысандарды пайдаланады. Жобаға қатысушылар ерікті болып саналады. «Ashyq» қосымшасының бизнеске беретін артықшылықтары:
– егер нысан орналасқан аймақ «қызыл аймақта» болса, оған «сары аймаққа» сәйкес шектеу критерийлері қолданылады;
– егер «сары аймақ» болса, «жасыл аймаққа» сәйкес шектеу критерийлері қолданылады.
«Ashyq» мобильді қосымшасы QR-кодты пайдалану және ПТР ортақ базасымен интеграциялау есебінен келушінің мәртебесін, яғни вирустың тасымалдаушысы болып саналатынын немесе саналмайтынын анықтауға мүмкіндік береді.
Мекемеге кіру үшін келуші өзінің смартфонына «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп, телефон нөмірі бойынша авторизациялануы, ЖСН енгізуі және өзінің келуін тіркеу үшін мекеменің QR-кодын сканерлеуі қажет. Сондай-ақ, шығу кезінде QR кодын сканерлеу керек.
Қызықтырған сұрақтарға жауап алу үшін @support_ashyq_bot телеграммасында техникалық қолдау қызметі іске қосылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × two =