Ашық пікір айтылды

0 70

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының «ТАҢ» татар-башқұрт мәдени орталығы өкілдері қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлермен ZOOM арқылы кездесіп, мәжіліс құрды.

Спикер Әсел Сәрсембаева алдағы 10 қаңтарда өтетін үлкен саяси оқиғаның маңызына тоқталып, жиынға қатысушылардың ашық ойларын, талап-тілектерін айтуына мүмкіндік беріп, ашық әңгімеге шақырды.
Биыл сайлау науқанының ерекшелігі – үміткер жастар Nur Otan партиясы атынан үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бұл ретте партияның осы күнге дейінгі жетістіктерін айта келе, алдағы сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан басты бағыттарына тоқталды. Осы бағдарламаның ең өзекті мәселесінің бірі халықты әлеуметтік жағынан қолдау болып отыр.
Бұл тұрғыда «ТАҢ» татар-башқұрт мәдени орталығы жетекшілерінің бірі Янат Низамутдинова отбасы институтына қатысты пікірін айтып, үміткерлерге өз сұрағын қойды.
– Nur Otan партиясының бағдарламасы – болашақты болжаған, барлық күшін халықтың әл-қуатының өсуіне бағыттаған күшті партия. Оның қатарында татар-башқұрт мәдени орталығынан да қатысып, үлкен саяси додаға түсуге бағын сынап отыр. Әрқайсысына ақ тілегімізді айтып, халыққа қызметте жолдарыңыздан жаңылмай, әділеттіктің туын жықпаңыздар демекпін. Нұр-Сұлтан қаласында тұрып жатқаныма елу жылдан асып қалды. Қаламен бірге өстік, өркендеп, көркейдік. Қаланың қалай өсіп, керегесін кең жайғаны көзіміздің алдында өтіп жатыр. Бас шаһарымыздың болашағы үлкен. Жылдан-жылға қаланың көркі асып, аулалар абаттандырылып жатыр. Дегенмен жаңадан салынған тұрғын үй кешендерінің құрылысы біткенмен, балалар клубы, спорт аймақтары сияқты маңызды бөлігі ескерілмейді. Мұндай орталықтардың үймен қатар салынып, бірге берілгенін қалар едік. Болашақ мәслихат депутаттары осы мәселені назарында ұстауы тиіс. Екінші мәселе – бір-екі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналарға қатысты. Көпбалалы аналардың жағдайы біршама шешіліп, әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатқанын білеміз. Жұмысынан да қалмай, қоғамға қызмет етіп, балаларын да өсіріп отырған осындай жандар әлеуметтік бағдарламалардан шет қалмағаны дұрыс. Олардың да тұрғын үй мәселесінің шешілуіне жағдай болса екен, – деді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − 2 =