300 кәсіпкер – «ASHYQ» көшбасшысы

0 18

Карантиннен кейін тұралаған шағын және орта бизнесті қайта аяққа тұрғызуда «ASHYQ» жобасының тиімділігіне тұтынушы да, бизнес өкілдері де көз жеткізіп үлгерді. Кейбір нысандар жұмыс уақытысы мен ғимаратқа келушілер көбейту мақсатында «ASHYQ» жобасының көшбасшысы атануға барын салуда. Бұл атақтың өз қызметін ұсынуда санитарлық талапты қатаң сақтап, тұтынушыларының мәртебесіне жіті тексерген кәсіпкерлік нысандарға ғана берілгенін ескерсек, «ASHYQ» карантиннен кейінгі бизнестің бойына қан жүгіртуге мол мүмкіндік сыйлап отыр.

image-22-09-21-09-08
image-22-09-21-09-08-1
image-22-09-21-09-08-2
image-22-09-21-09-08-3
image-22-09-21-09-08-4
previous arrow
next arrow

 

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 13 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан «ASHYQ» жобасына қатысатын болса, оның 294-і жобаның көшбасшысы атанған.
Елордада «ASHYQ» жобасының көшбасшыларының тізімі бірнеше апта сайын жаңартылып отырады. Нұр-Сұлтан қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш «ASHYQ»-тың көшбасшысы бірқатар артықшылықтарға ие екендігін айтады.

– Көшбасшылар басқа кәсіпкерлік нысандарға қарағанда екі сағат артығырақ жұмыс істеуге құқылы. Мекеме қызметкерлерінің 90 пайызы екпе алған болса, кәсіпкер келушілердің санын көбейтуге құқылы. Мысалы, қатардағы мейрамханаларға бір уақытта келушілердің 50 пайызын қабылдауға рұқсат етілсе, «ASHYQ» көшбасшылары бұл көрсеткішті 70 пайызға дейін арттыра алады. Сондықтан көшбасшысы атануға ниеттілердің қарасы қалың. Алғашында қала аумағында 150 нысан жоба көшбасшысы болса, қазір олардың саны 300-ге жуықтады, – деді Қуанышбек Мұқаш.
Елордалық мейрамханалармен бірге сауда орталықтары да ASHYQ»-тың көшбасшысы атану үшін барын салып жатыр. Мұнда мекемедегі қызметкерлердің толықтай екпе алу, санитарлық талаптың сақталуы маңызға ие.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + 4 =