Ашық есік күні өтеді

0 85

22-23 қазанда Ұлттық ғылыми онкология орталығында Дүниежүзілік сүт безі обырының халықаралық күніне арналған ашық есік күні өтеді.

c66137157737052381028528df826fcd

Акцияның мақсаты – әйелдердің арасында сүт безі обыры ауруының алдын алу, диагностикалау және емдеудің ерте белгілері мен қолданыстағы әдістері туралы хабардар болуын арттыру. Іс-шара барысында барлық тілек білдірушілер қажет болған жағдайда маммологтар мен УДЗ мамандарының кеңесін тегін ала алады. Онкопатология құрылымында еліміздің әйелдер арасында қатерлі ісіктің бұл түрі бірінші орын алады. Сүт безінің ісік алды және ісік ауруларының алдын алу және ерте анықтау, уақытылы тиімді ем жүргізу мүмкін болған кезде әйелдерге өмірді, денсаулық пен сұлулықты сақтауға, сондай-ақ толыққанды өмірге оралуға нақты мүмкіндік береді. Акция аталған күндері таңғы сағат 9:00-ден түскі 14:00-ге дейін өткізіледі. Өткізу орны – Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығы, мекенжайы – Нұр-Сұлтан қаласы, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 3-үй.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + 17 =