Ашық бюджет – әділеттің көрінісі

0 43

«Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметкерлерімен және ведомстволық бағыныстағы мекемелер басшыларымен кездесу өтті.

Шараны Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева жүргізді. Кездесуде қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша қабылданған заңнамалық актілер таныстырылды. Ж.Жылқышиева сыбайлас жемқорлықпен күрестегі шектеулерге тоқталды.
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының сапалы жаңа деңгейге өту факторларының бірі – «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында пайдалануға берілген ашық бюджеттердің интерактивті картасы. Қазіргі уақытта бұл алаңда Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ведомстволық бағыныстағы мекемелердің бюджеттері бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − 16 =