Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ашынған кондукторлар тұрғындарға шүйлігеді

0 286

Күнделікті жолға шыққан 1246 автобусқа 400 мың астаналық мініп-түседі. Ал сол адамдармен жұмыс істейтін – кондукторлар. Қызмет ету саласында жұмыс істеу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні белгілі. «Астана LRT» компаниясының мәліметінше, тұрғындармен тіл табыса алмай, ұрыса жөнелетіндердің атына айына 3-7 мың­дай шағым келіп түседі екен. Кондуктордың әрекетіне көңілі толмаған астаналық азамат, Ауған соғысының ардагері Сенбек Қабиев біздің редакциямызға келіп, болған оқиғаның жай-жапсарлары жайлы айтып берді.

Жауынгер-интернационалист таңертеңгі сағат 9:30-да баласын «Қазақстан» спорт кешеніне апару үшін №48 автобусқа мінеді. Өзі жол жүру картасын валидаторға тигізіп, баласына 40 теңге төлейді. «Ақшаны төлегеннен кейін билетті бермеді. Бер деп айтып едім, кондуктор өзімді балағаттап, айтпаған сөздерді айтты. Аты-жөнін сұрасам, үндемеді. Автобустың қабырғасында кондуктор мен жүргізуші туралы мәлімет те болмады. Бұл – еліміздің бас қаласы Астана үшін ұят нәрсе. Елорда төрінде тұрып, кондукторларды мәдениеттілікке шақыру керек!..» деп өкінішін жеткізген қала тұрғыны «Қасымдағы жолаушылар да кондукторлардың бұл әрекетін құп көрмей, шағымданғандай болды» дейді.
«Темірді қызған кезде соқ» деп, «Астана LRT» компа­ния­­­сының қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаеваға хабар­лас­тық. Негізінде, компания көлік жүргізушілері мен кон­дукторлардың қызмет көрсету сапасына жауап бермейді. Тек 1246 автобустың уақытылы жолға шығып, аялдамаға уақытылы келуін қадағалайды. Оларға жа­уапты – автобус паркінің өзі. Алайда әрдайым байланыста болатын «Астана LRT» тұрғындардың тілектері мен шағымдарын қабыл алып, оларға тұшымды жа­уап беретін бірден-бір мекеме болғандықтан, автобустағы шуға қатысты айтары бар деген ой келді.
– Көбінесе мұндай жағдайда ескерту жасалып, айыппұл салынып, 3-4 рет қайталанған жағдайда, кондукторлар жұмыс­тан шығарылады. Жыл басынан бері осылайша 338 кондуктор, 135 жүргізуші жұмыстан босатылған. Қазіргі таңда елордалықтардың 30 пайызы электронды төлем жүйесіне тіркелген. Демек, кондукторлар мен жүргізушілердің жалақыдан бөлек қосымша ақша табуға мүмкіндігі азайып бара жатыр. Сізге беру керек билетті басқа біреуге беріп, қалтасына 90 теңге салады. Осылайша, 90 теңге миллиондаған ақшаны құрайды. Мұны көлеңкелі экономика десек болады. Міне, осы жағдайға олар ызаланады, – деп жау­ап берді Науат Азанбаева.
Тұрғындардың наразылығы мен шағым­дары әрдайым ескеріліп, назарға алынады. Бұл жолы да №48 автобус кондукторы мен жүргізушісіне ескерту жасалып, тәртіпке шақыру жұмыстары жүргізілді.
Астанада 1915 кондуктор жұмыс істейді. Олардың ішін­де жұмысқа икемі бар, өз маман­дығының жауапкершілігін түсінетін мамандар да бар. Ха­лық жаппай электронды төлем жүйесіне өткеннен кейін, олардың кейбіреулерін бақылаушы, кеңесші ретінде қалдыру жос­парланған. Мыңдаған кондукторды бір мезетте жұмыстан шығару дұрыс емес деп есептейді «Астана LRT-дағылар».
Осы ретте тағы бір мәселенің шеті шығады. Тәулік бойы ат­қарып жүрген еңбегі еске­ріл­мей, халықтан келіп түсетін ша­ғымдардан шаршаған авто­бус қызметкерлері өздігінен жұмыстан кетіп жатыр. «Автопаркте автобус жүргізушілері мен кондукторлардың қатары сиреп бара жатқаны білінеді» дейді «Астана LRT» компаниясының қоғаммен байланыс департа­ментінің басшысы Науат Азанбаева. Сол себепті өз ісін адал істейтін көлік жүргізушілері мен кондукторлар тұрақты жұмысқа шақырылады. №1 автопаркінде кондукторлардың жалақысы 150 мың теңге болса, жүргізушілердің жалақысы 250 мың теңге шамасында. Артық жұмыс істеген сағаттарға да жалақы төленеді.
Ал компания ұсынған электронды төлем жүйесі толыққанды жұмыс істеуі үшін шамамен биыл бірінші жарты жылдыққа дейін күте тұру керек деп сендірді. Себебі «Астана LRT» халықты Astra plat электронды төлем карта­сын, сондай-ақ Astra bus мобильді қосымшасын пайдалануға үгіт­темес бұрын барлық жағдайды жасау керектігін ұғынған.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды