Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Әсет Исекешов: Астананы жаһандық қалаға айналдыру – басты мақсат

0 693

Астана экономикалық форумы аясында өткен «Understanding Kazakhstan» басты жобалар презентациясында қала әкімі Әсет Исекешев Астана республикалық бюджет қаржысынан тәуелсіз екенін мәлімдеп, елорданы жаһандық қалаға айналдырудың жолдарымен таныс­тырды.

Алдымен шаһар басшысы Астана қандай деген сауалға деректермен жауап берді. «Елбасымыздың басты жобасы – елорда 20 жыл аралығында зор қарқынмен дамыды. Оған шетелдік тәуелсіз сарапшылардың зерттеу жұмыстары дәлел. 20 жыл ішінде қала халқы 3 есеге көбейіп, жер аумағы 3 есе­ге кеңейді. Бас қалаға келіп құйылатын инвестиция көлемі – 50 есе, көлік саны – 10 есе, ал тұрғын үй саны 19 есеге артты» деп бастады ол сөзін.
Әкім «Астана мемлекеттің қолдауымен, бюджет қаржысымен күн көреді» деп қалып­тасып кеткен ойды жоққа шығарды:

– Иә, бастапқыда елорда дамуына көп қаражат жұмсалды. Инвестициялардың жалпы көлемін есептегенде 2,3 трлн теңге құйылды. Алайда Астана салық ретінде 6 трлн теңге қаражатты қайтарып берді. Демек, салынған ақшаны 2,5 еселеп берді. Жыл сайын бас қала ел бюджетіне 750 млрд теңге пайда әкеліп, донор-қалаға айнала білді. Кәсіпкерлер айтпақшы, Астана – экономикалық тиімді жоба, – деді ол.
Астананы бүгінде бүкіл әлем таниды. Мұнда ЕҚЫҰ саммиті, ШЫҰ саммиті, «EXPO-2017» ха­лықаралық көрмесі, Сирия бей­бітшілік кездесулері сынды маңызды шаралар өткізіледі.
– Бас қаланың дамуы мұнымен тоқтар емес. Әлемдік трендке назар аударсаңыз, урбанизация­ның қандай қарқынмен дамып келе жатқанын байқайсыздар. Мәселен, 20 жыл ішінде Корея халқының қаладағы үлесі 45 пайыздан 75 пайызға дейін ұлғайған. Ал бізде азаматтардың 50 пайызы қалада өмір сүріп жатыр. Болжам бойынша 2050 жылға қарай халықтың 75 пайызы қалаларда тұрады деп күтілуде. Ал менің пайым­дауымша, бұл межеге уақытынан бұрын жетуіміз мүмкін. Себебі жылда 50 мыңнан 100 мыңға дейін адам елордада қо­­нақ болып қайтады. Жалпы, әлемде жаһандық қалалар пайда болуда. Швед экономика мектебінің профессоры Кьелл Нордстрем айтпақшы, 50 жылдан кейін 218 мемлекеттің орнын 600 қала басады, – дей келе, Әсет Исекешев Астананың қай бағытта дамуы керектігіне тоқталды.
Елорда әкімінің пікірінше, болашақта жаһандық қалалар экономика мен инновацияның, жалпы бүкіл әлемнің бағытын айқындап бере алады. «Ірі қалалар күллі әлемге шамшырақтай жол көрсете алады. Сондықтан біз мега-қалалардың тәжірибесімен таныстық. Мұндай қалалар мемлекетті ғана емес, аймақтарды да дамыта алады. Таяу Шығыста ол Дубай болса, Оңтүстік-Шығыс Азияда – Сингапур. Бұл қалалар инновация, қаржы, денсаулық сақтау және білім беру орталықтарына айналып, сауда-саттық, туризм және сәулет саласында тамаша үлгі көрсетуде» деді ол.
Әсет Өрентайұлы бәсекеге қабілетті болу үшін елде бірнеше жаһандық қалалардың болуы керегін жеткізді. Елбасы пәрмені бойынша Астананы Еуразия кеңістігіндегі мәдени, ғылыми жағынан дамыған іскер қалалардың біріне айналдыру көзделіп отыр.
– Дамыған инфрақұрылым, сапалы қалалық басқару жүйесі және бәсекеге қабілеттіліктің үш факторы, атап айтқанда, экономикадағы сауда секторының болуы, дарынды азаматтарды қалаға тартып, оларды ұстап қалу, инновациялық экожүйенің болуы қаланың дамуына көмектеседі. Астана өмір сүруге қолайлы қала ретінде дамуы керек деп шештік. Демек, өмір сүру сапасын жақсарту – бірінші орында, – деді шаһар басшысы.
Мақсатқа жету үшін елорда «20 нақты бастама» бағдарламасын қабылдаған болатын. Онда БҰҰ және ЭСДҰ белгілеген тұрақты дамудың 17 мақсаты негізге алынды. Біріншіден, бағдарлама аймақтық хаб және «ақылды» қала сияқты дамудың жаңа моделіне бет бұрып, екінші жағынан қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді. Бұл ретте «Қалалық ортаны өзгерту мақсатында «Шет аймақсыз қала» жобасын бастадық. Қала аумағын 100-ден астам секторға бөліп, барлық сектордағы өмір сүруге қажетті 50 әлеуметтік нысанды белгіледік» деді қала әкімі. Сондай-ақ, ол әкімдіктің білім беру, денсаулық сақтау, туризм, жол-көлік саласы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және «ақылды» қала бағытында атқарылып келе жатқан істеріне жеке-жеке тоқталды. «Әр саланы жақсарту үшін бюджет қаржысына емес, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке жүгінеміз. Үздіксіз ілгері жылжып отыру үшін біздің басқару жүйеміз де өзгеруі тиіс» деп баса айтты.
Сөз соңында Әсет Өрентайұлы Елбасымыздың төл туындысы – Астананың болашағы жайлы ой-толғаныстарымен бөлісті.
– Астана Сингапур мен Дубай сияқты жаһандық қалалардың қатарына кіруді көздейді. Қазірдің өзінде елорданың инфрақұрылым сапасы мен инвес­торларға қолдау көрсету деңгейі осы қалалармен теңеседі. Бас қалада «Астана» халықаралық қаржы орталығының құрылуы – посткеңестік елдер үшін революциямен тең. Енді елімізде британдық судьялар британдық құқық негізінде жұмыс істейді. Бұл инвесторлардың зор сенімін қалыптас­тырады. Білім жүйе­сіндегі көшбасшы Назарбаев университеті де – елорда төрінде. Ал жақында әлемдік деңгейдегі медициналық желілер өз жұмысын бастайды. Міне, осының барлығы Астананы жаһандық қалаға айналдырады деп сенеміз, – деп сөзін түйіндеді қала басшысы.

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, ҚР Премьер-министрі:

– Түптеп келгенде, барлығы экономиканы тұтас цифрландыруға көшуге міндеттелмек. Сол себепті былтыр «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданды.

Франсуа ОЛЛАНД, Францияның экс-президенті:

– Егер әлем трансфор­ма­ция­сына қатысты болжам жасайтын болсам, 2008 жылғы экономикалық дағдарысты ұмытпауға кеңес берер едім. Ол кезде қаржы кө­піршігі жарылған болатын. Мұның барлығы дұрыс шешім қабылдамау­дың немесе жайлы жағдайдың болмауынан туындайды.

Пан Ги Мун, БҰҰ-ның сегізінші бас хатшысы:

– Нұрсұлтан Назарбаев­тың бастауымен 2017 жылы құрылған жасыл технологиялар халықаралық орталығы осы саладағы бүкіл әлемге жүктелген міндеттерді атқаруға таптырмас құрал екеніне сенімдімін.

Аркадий ВОЛОЖ, «Яндекс» компаниялар тобының жетекшісі:

– Қазақстанда көпшілік «Яндекс» компаниясының қызметтерін пайдаланады. Алайда олар бұл мекеменің Алматыдағы республикалық физмат мектеп түлектерінің төл туындысы еке­нін біле бермейді. «Яндекс» – қазақстандық жоба.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды