Әсемдіктің лебі еседі

0 17

Ұлттық музейде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Еріктілер жылы аясында жас суретші Тоқтамыс Әбсаматовтың «Шарықтау: жастар жолы…» атты жеке көрмесі өтті.

Жалпы көрмеге қылқалам шеберінің елуден астам бейнелеу өнеріндегі түрлі жанрды қамтыған жұмыстары қойылды. Бала күнінен сурет салуға құмар болып өскен дарынды жастың шығармашылығында туған жер, табиғат, өмір, қоғамдағы түрлі құбылыстар сан қырлы бояумен әсерлі көрініс тапқан. Әсіресе, ол туған жерін бояу тілімен бейнелі сөйлете білген. Оның «Сырдария жағалауы», «Кешкі Сырдария», «Қысқы кеш», «Көрші үй» секілді картинасынан шынайылық пен әсемдіктің лебі еседі. Жас таланттың табиғатынан бейнелеу өнеріндегі ұлттық дәстүрді мазмұнды меңгеріп келе жатқандығын көресіз. Оны «Дала заңы», «Қыз қуу», «Барымта» секілді туындыларынан байқауға болады. Сондай-ақ суретшінің «Бурабай көлі», «Сарыарқа», «Күзгі жолда» секілді жұмыстары да ойға, сезімге бай көркемдігімен көз тартады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − fifteen =