ӘСЕМ ӘУЕН МЕРЕКЕСІ

0 150

академия солистов

Санк-Петербургтың академиялық Капелласында камералық музы­каның әлемдік дәстүрлерін дамытып жүрген, әлемге әйгілі музыкант Айман Мұсақожаеваның бастамасымен құрылған «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрі өнер көрсетеді.

Оркестрдің бас дирижері – ҚР еңбегі сіңген қайраткері Бақытжан Мұсақожаев. Шығармашылық ұжым барокколық, класси­калық және қазіргі заманғы шығар­маларды мәнерінде жеткізуде әлемдік музыка сарапшыларының лайықты бағасын алған. Ұлттық музыка, қазіргі заманғы қазақ композиторлары – Т. Қажығалиев, А. Серкебаев, Ж. Дәстенов, Ғ.Жұбанованың шығармаларын, сонымен қатар халық әндері мен күйлерінің ор­кестрлік нұсқаларын орындайды.

Ресейдің мәдени астанасы атанған Санк-Петербург көрермендері И.Бах, Э.Элгар, П.Чайковский, Ф.Мендельсонның туындыларын тыңдап қана қоймай, қазақтың ұлы күйшілері Құрманғазы, Ықылас, Тәттімбеттің сыршыл, төкпе күй­лерінің ғажайып құдыретіне бөленеді. Сол кеште орындалатын «Төремұрат», «Ерден», «Қосбасар» секілді танымал күй­лердің оркестрлік өңдеулерін да­йындаған – Е.Үсенов, С.Еркімбеков, А.Жайымовтар.

Кейінгі жиырма жылда «Солис­тер академиясы» мемлекеттік ка­мералық оркестрі төрткүл дүние­нің төрінде болып, Еуропаның, Азия­ның, Американың үздік кон­церттік залдарында өнер көрсетті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 + ten =