ӘСЕМ ӘУЕН ӘУЕЛЕСЕ…

0 116

Алдағы 1 қазанда «Астана Опера» театрында отандық опера жұлдыздарының қатысуымен Музыка күніне арналған «Музыканың ғажап сиқыры» атты керемет кеш өтеді.

Думанды шараға Қазақ­станның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай, Қазақ­станның еңбек сіңірген қай­раткері Салтанат Ахметова, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Альфия Каримова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сүндет Байғожин мен Жан Тапин, халықаралық байқаулардың лауреаты Евгений Чайников қатысып, жиналғандарға тамаша көңіл-күй сыйламақ. Фортепиано партиясын Мәдениет қайраткері Елена Сахно орындайды.
Кеш барысында Қазақстан, Италия, Австрия, Испания, Ресей және тағы басқа елдердің көрнекті композиторларының шығармалары орындалады. Әлемдік оперетталардан ария­лар, романстар, жүректі тербейтін тамаша әндері орындалады.
Дәлірек айтқанда, Э.Направ­никтың «Дубровский» опера­сын­дағы Дубровскийдің арио­зосы, Г.Доницеттидің «Дон Паскуале» операсындағы Дон Паскуале ариясы, Н.Римский-Корсаковтың «Патша қалың­дығы» операсынан Марфа ария­сы, В.Моцарттың «Сиқыр­лы флейта» операсынан Папагено ариясы шырқалады..
«Біздің театрда музыка кү­нін атап өту әдемі дәстүрге айналған. Көрермендер мере­ке­ні асыға күтеді. Биыл да жиналғандарға көңілдің нәзік пернесін шертетін кеш сыйлаймыз. Келіңіздер, көріңіздер» дейді концерттің авторы Елена Сахно.
Айта кетейік, музыка күні композиторлар мен әншілердің кәсіби мерекесі саналады. Айту­лы күн 1975 жылдан бері ЮНЕСКО жанындағы халық­аралық музыкалық кеңестің бастамасы бойынша енгізілген.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − eighteen =