Әсем ән әуеледі

0 157

К.Байсейітова атындағы опера және балет театрында Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы мен «Руханият» орталығының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, өнертанушы, профессор Кенжеғали Мыржықбайдың «Пушкин және Абай» атты ән кеші өтті.

Орыстың ұлы ақынының туған күніне орай ұйымдастырылған шарада Абай мен Пушкиннің өлеңдеріне жазылған қазақ және орыс композиторларының вокалдық шығармалары орындалды.

Әншінің дайындаған репертуары бойынша: «Көзімнің қарасы», «Есіңде бар ма жас күнің», «Қансонарда», «Өлсе, өлер табиғат», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Я Вас любил», «В крови горит огонь желания», «Роняет лес багряный свой убор» және т.б. көптеген әндер шырқалды. Бағдарламада әнші әдебиет әлеміндегі алыптардың туындыларын үш тілде орындап шықты.

Кештің басты мақсаты – классикалық туындыларды халық арасында насихаттау әрі вокалдық шығармаларды тыңдаушы қауымның аудиториясымен кеңейту.

Шараға ҚР Парламенті депутаттары, мәдениет және әдебиет қайраткерлері, өнертанушы ғалымдар қатысты.

Кеш соңында Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ербол Тілешов сөз сөйлеп, әншіге шығармашылық табыс тіледі.

Саян ЕСЖАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 + twelve =