Әселдің мерейі

0 128

Таяуда Гейдар Әлиевтің туғанына 97 жыл толуына арналған шахматтан өткен онлайн-турнирде қазақстандық жас талантты шахматшы Әсел Лесбекова жүлделі орынға ие болды.Бұл халықаралық турнирді Әзербайжан Білім министрлігі мен Әзербайжан шахмат федерациясы ұйымдастырды. Турнирдің мақсаты – көрнекті мемлекет қайраткері Гейдар Әлиевті есте сақтау және карантин кезінде балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып, заманауи технологиялар арқылы шахматшылардың тәжірибесін көтеру.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жарысқа 43 елден 209 шахматшы қатысқан, бір ерекшелігі, жарыста 2003 жылы туған және 17 жастан кіші балалар ғана бақ сынады. Турнир өте тартысты өтті деуге болады.
Қыздар арасында бірінші және екінші орынды әзербайжандық Малак Исмаил мен Говхар Бейдуллаева өзара бөлісті. Ал жерлесіміз Әсел Лесбекова үшінші орынды жеңіп алды. Жүлдегерлердің бәрі арнайы сыйлықтармен марапатталған. Айта кетейік, 2017 жылы 13 жасында шахматтан Қазақстанның спорт шеберін алған Әсел – талай дүбірлі додаларда топ жарып, ел намысын қорғап жүрген дарынды жас.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × two =