АРЫСТАНБЕК – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

0 177

Жапонияның астанасы Токиода ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында ел намысын қорғаған Арыс­танбек Жақанша 69 келі салмақта чемпион атанды.

l2ap5hr8w7g-660x330

Дүбірлі додада Арыстанбек жұлқа көтеруде 128 келіні еңсерсе, серпе көтеруде 156 келіні көтерді. Қос сайыстың қорытындысы бойынша 284 келімен алтыннан алқа тақты.
Бұл чемпионатта Қазақстан атынан 7 зілтемірші сынға түсіп жатыр.
Ел абыройын асқақтатқан чемпиондардың ізін жалғайтын Арыстанбек Жақанша – Қызыл­орда жоғары спорт шеберлігі мектебінің түлегі. Жеңімпаз атлетіміздің құрметіне қазақ туы биіктен желбіреп, әнұранымыз әуеледі.
Құрлық біріншілігінде ел намысын қорғап жатқан жас ат­леттердің қатарында жүлдегер атануға мүмкіндігі бар спортшылар баршылық. Олардың қандай жүлделерге қол созатынын алдағы күндерде білетін боламыз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 5 =