Арқалы ақынды ардақтады

0 54

Биыл қазақтың көрнекті ақыны, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жұбан Молдағалиевтің туғанына жүз жыл толды. Соған орай жақында ақынның туған жері – Оралда ескерткіш ашылып, мерейтойы аталып өтті. Сол тойдың жалғасы ретінде елорда Мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақ оркестірінің ықшамдалған шағын құрамы тұғырлы тұлғаға арнап, онлайн әдеби-музыка кешін өткізді.

Сонау кеңес заманында, дәлірек айтқанда алпысыншы жылдардың орта кезінде ешкімнен тайсалмай, «Мен қазақпын» деп поэма жазып, халқымыздың атын биікке бір көтерген ақын есімі ешқашан ұмыт қалған емес. Ұмытылмайды деп те айтуға болады. Ол кісі ақын ғана емес, мемлекет және қоғам қайраткері болды. Біраз жылдар Жазушылар одағын басқарып, әдебиетіміз­дің дамуына үлес қосты. Әсіресе, айтулы азаматтың 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының кейін биік мінбеде қазақ жастарын қорғап сөйлеген жалынды сөзін жұрт ерлік деп бағалайды.Әдеби-музыкалық кеш барысында ақынның шығармашылығы туралы мазмұнды естелік айтылып, «Мен қазақпын» поэмасынан үзінді оқылды. Сондай-ақ филармония өнерпаздары әуелетіп ән салып, күмбірлетіп күй төкті. Қысқасы, арқалы ақынды ардақтаған кеш көрермен көңілінен шықты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − 4 =