Арқайым – күн қаласы

0 269

«Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда «Арқайым – күннің қаласы» 3D интерактивті ойын-сауық қалашығы ашылды. Жер бетіндегі ең көне қалалардың бірін бүгінгі күнмен байланыстыру идеясын Ринат Кудусов есімді жас – ІТ технология маманы жүзеге асырып отыр. Ол бұл жобамен бір жылға жуық уақыт жұмыс істеген.

KBB_7859

Бұл қалашықтың кереметі – ішіне кіргендер қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен өткеніміздегі және болашақтағы атмосфераны сезіне алады. Сол үшін мультимедиялық галерея жасалып, арнайы құрылғылар орнатылған. Қалашықтың өзі төрт аймақтан тұрады. Бірінші аймақта «Ұлы дала жетістіктері» мультимедиялық галереясы орналасқан, онда тас дәуірінен ХVII-XIX ғасырға дейінгі даму эволюциясы көрсетілген. Ата-бабаларымыз қолдан жасаған күнделікті тұрмыстағы заттар, зергерлік бұйымдар, әшекейлерді де осыннан көруге болады.

Жүздеген жыл бұрын Шығыс Қазақстанда табылған алғашқы «Ақ бауыр» обсерваториясымен «Ашық ғарышқа саяхат. Астана» проекциялық театрында ұсынылған. Бұл аймақта елорданың орталығынан ғарышқа сапар шегіп, негізгі ірі планеталардың жанынан ұшып, олар туралы ақпарат алуға болады. Саяхат «Жұлдыздар соғысы» стиліндегі би жарысымен аяқталады.

KBB_7863

Фестиваль ерекшеліктерінің бірі – Айша бибі мен Қарахан батырдың трагедиялық оқиғасы жайлы сыр шертетін голографиялық театр. Мұнда тарихи оқиғаның тереңіне бойлауға мүмкіндіктер жасалған. Төртінші аймақ – жаңаша әрленген этникалық музыка ұсынылатын «Welcome to Astana city!» концерттік ойын-сауық алаңы. Сонымен қатар, тақырыптық интерактивті аймақтар да келушілерді жалықтырмасы анық.

Аниматорлардың этно-футуристік костюмдері мен осы стильдегі әдеттен тыс кәдесыйлар қалашықта айрықша атмосфера қалыптастырады. Бұл концерттік бағдарламаны келушілер кешкі сағат 19.00-де көре алады.

3D-қалашыққа кіру тегін, ол шілденің 6 күні кешкі сағат 21.00-ге дейін жалғасады.

Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 + 12 =